Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды айқын басымдықпен ұтты
Нұр-Сұлтан қаласы мен Шымкент қаласы құрамаларының ойынсыз жеңісінен кейін алаңғы Түркістан облысы құрамасы мен Атырау облысы құрамасы шықты.
Елдегі ең таңдаулы дейтін қос команда өте жақсы ойын көрсетті.
Жігіттердің дайындығы жақсы. Кім болса да сайыс болған соң жеңемін деп келеді. Бізде де сондай талап бар. Қарсылас командамыз да осал емес. Белді ойыншылар. Дегенмен, бұған дейін де ойындарда үнемі кездесіп, бір-бірімен сыралғы болған командалар. Ең бастысы ойын кезінде адам мен ат аман болсын. Қалғанын уақыт көрсетеді. Түркістаннан жеңіс үшін келгенімізді атап өткім келеді – дейді Түркістан облысы құрамасының жаттықтырушысы, белгілі көкпаршы Бақтыбай Шырынқұлов.
Шынырқұловтың жігіттері шынайы ойын көрсетті. Ойынның алғашқы айналымында есепті 5:1-ге жеткізген түркістандықтар, екінші айналымда есепті еселей түсті. Ойын 8:1 болып аяқталды. Салымгер шабандоздарды атамас бұрын, қос команданың құрамымен таныс болайық.
Түркістан облысының құрама командасы
Айтбаев Темірхан – мінген аты «Намыскөк»
Айтан Дәулет – «Тұран қасқа»
Омаров Нүркен – «Оқжетпес»
Жамалбеков Арман – «Қаракер»
Асқаров Нұрлыбек – «Құрма»
Сайдулла Асланбек – «Қаршыға»
Смаил Бекболат – «Жарнама»
Шекербеков Бекболат – «Сұркөжек»
Шекербеков Ерболат – «Найза»
Сабыров Бәйдібек – «Сұңқар»
Мамыт Әділет – «Ақмолақасқа»
Атырау облысының құрама командасы
Ұлықпанов Абылай – мінген аты «»Байторы»
Әліпбаев Ынтымақ – «Гүлсары»
Әзімбай Бақытжан – «Бөрте»
Бураханов Заманбек – «Еркеторы»
Жиенқұлов Елдар – «Малыш»
Каденов Қуаныш – «Нарынкөк»
Байтөреев Ұлан – «Қаратау»
Сүлейменов Қайыржан – «Таңкүрең»
Жүнісов Алмат – «Найман»
Мақсұт Айдар – «Жайық көк»
Айтбай Жасұлан – «Мерке жирен»
Ерехан Нұржан – «Бесқасқа»
Қос командаға төрелік еткендер: Ортадағы төреші Нұрдәулет Момынов, қапталдағы төрешілер – Салмаев Бейбіт, Әлиев Жасұлан және Асқаров Айдын.
Ал салым салған шабандоздарға келер болсақ:
Атырау облысы құрамасының қоржынындағы бір салымды Жиенқұлов Елдар салса, Түркістан құрамасының 8 салымының үшеуін Айтбаев Темірхан, екеуін Шекербеков Бекболат салды. Сонымен қатар, Асқаров Нұрлыбек, Смаил Бекболат және Сабыров Бәйдібектер бір-бір салымға қол жеткізді.