Жамбыл облысы құрамасы ел чемпионы атанды

2531

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған Көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионаты аяқталды.

Чемпионат финалында Жоғарғы лиганың қос тарланы Түркістан облысы құрамасы мен Жамбыл облысы құрамалары кездесті. Екі команда да бұған дейін талай үзенгі түйістірген болатын. Тек Қазақстан чемпионаттарының өзінде финалда осымен 7-ші рет кездесіп отыр.

Бір-бірінің сырына да, күшіне де қанық қос команда ойын алаңында барын салып бақты. Әсіресе Жамбыл жігіттері алаң иелері өздері екенін толық танытты.

Ересектер арасында ХХ рет өтіп отырған чемпионаттың бұған дейінгі жеңімпаздарын еске сала кетейік.

10 рет «Әулие ата» командасы чемпионат атанса, 6 рет «Құлагер» командасы, 2 рет Алматы қаласының құрамасы және Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы жеңімпаз атанған.

2001 – «Әулие ата» (Өскеменде)

2002 – «Әулие ата» (Тараз 2000 жылдықта)

2003 – Алматы облысы құрамасы (Алматы қалада)

2004 – «Құлагер» (Астана)

2005 – «Әулие ата» (Павлодар)

2006 – Алматы облысы (Талдықорған)

2007 – «Әулие ата» (Қызылорда)

2008 – «Құлагер» (Орал)

2009 – «Әулие ата» (Тараз)

2010 – «Әулие ата» (Астана)

2011 – «Құлагер» (Алматы қала)

2012 – «Астана» (Өскемен)

2013 – «Әулие ата» (Көкшетау)

2014 – «Әулие ата» (Қызылорда)

2015 – «Құлагер» (Түркістан қаласы)

2016 – «Әулие ата» (Талдықорған)

2017 – «Құлагер» (Алматы)

2018 – «Құлагер» (Астана)

2019 – «Әулие ата» (Тараз)

2021 – «Әулие ата» (Тараз)

Ал 21 ғасырдағы 21 жылда өткен 20-шы чемпионатта ойын көрсеткен қос команданың құрамымен таныс болсақ:

Түркістан облысының құрама командасы

Айтбаев Темірхан – мінген аты «Намыскөк»

Айтан Дәулет – «Тұран қасқа»

Омаров Нуркен – «Оқжетпес»

Джамалбеков Арман – «Қаракер»

Асқаров Нұрлыбек – «Құрма»

Мырзабаев Нұржігіт – «Елу бес»

Сайдулла Асланбек – «Қаршыға»

Смаил Бекболат – «Жарнама»

Шекербеков Бекболат – «Сұркөжек»

Шекербеков Ерболат – «Найза»

Сабыров Бәйдібек – «Сұңқар»

Мамыт Әділет – «Ақмолақасқа»

Жамбыл облысының құрама командасы

Тұрғанбек Құрманбек – мінген аты «Алға»

Асыл Елдос – «Ардакүрең»

Дүйсенбиев Манарбек – «Еркекүрең»

Мәлімбай Ернат – «Тапанша»

Бердіқұл Айнабек – «Қаршыға»

Тоғайбаев Құлажан – «Нұрқасқа»

Алимбетов Болатбек – «Самұрық»

Жарылқасын Ернар – «Құлагер»

Рәт Ислам – «Бүркіт»

Әбдәлі Жантөре – «Барыс»

Ширимбаев Баглан – «Орлик»

Қожақұл Жасұлан – «Шұнақ»

Сонымен, қос команда арасындағы есеп – 8:4, Жамбыл облысы құрамасының еншісінде.

Ал ойынның алғашқы айналымының алғашқы екі минутында екі салым салып үлгерген Жамбыл облысы құрамасының капитаны Тұрғанбек Құрманбек командасына тиесілі 8 салымның төртеуін салса, Алимбетов Болатбек, Жарылқасын Ернар, Рәт Ислам және Қожақұл Жасұландар бір-бір салымнан салды.

Ал Түркістан облысы құрамасына тиесілі 4 салымның үшеуін Айтбаев Темірхан салса, Сайдулла Асланбек бір салымға қол жеткізді.

Осымен чемпионат тарихында Жамбыл облысы құрамасы ХІ реткі жеңісіне қол жеткізді.

Қос команданың ойынына төрешілік еткен ортадағы төреші – Қуан Құрамаев, қапталдағы төрешілер – Бейбіт Салмаев, Бақытжан Кенжебеков және Әділбек Жұмабеков.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!