Тек Қостанай жылқысы қатысқан аламан өтуі мүмкін
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Қостанай жылқы тұқымын дамыту бойынша жиналыс өтті.
Осы жиналыс барысында жылқытанушы ғалымдар мен Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тек Қостанай жылқысы қатысқан аламан өткізу туралы бастама көтерді.
Бұл Қостанай жылқысының тұқымдық жетілуіне, дамуына, айрықша серпін берер еді. Әр тұқымның үздігін анықтау үшін тек сол тұқым арасында бәйге өткізуге болады – деді Зауыт жылқылар тұқымдары бойынша республикалық палатасының төрағасы Талғат Жайсаңбаев.
Талғат Жайсаңбаевтың ұсынысын жиынға қатысушылар қолдады.
Биыл еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осыған орай тек Қостанай жылқысы ғана қатысатын аламан ұйымдастыруды ойластырайық. Егер қатысатын аттар бар болса, бұл жақсы бастама болар еді. Тіпті елордада өткізуге де болар еді – деді Бекболат Тілеухан.
Осы орайда қанша қашықтыққа шабуға болады деген сұрақ талқыланды. Бұл сауалға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының бас хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов жауап берді.
Біздің елде өтетін бәйгелердің қашықтығы анықталған. Бәйге федерациясының келісімімен жорға жарысы – 7 шақырым, тай бәйге – 7-9 шақырым, құнан бәйге 13-16 шақырым, топ бәйге 16-23 шақырым, аламан бәйге 25 шақырымнан жоғары. Ал Қостанай жылқысының ерекшелігін таныту үшін мақсатында 30 шақырымға жіберуге болады – деді ол.
Әзірге бұл ұсыныс, алдағы уақытта нақты шешім шығарылып, халыққа, атбегілерге, Қостанай жылқысын малданушыларға арнай ескертулер жарияланатын болады.
[…] Естеріңізге сала кетейік, осы жиын барысында тұқым деңгейін көтеру мақсатында тек Қостанай жылқысы ғана қатысқан аламан өткізу мәселесі көтерілген болатын. […]
[…] тек Қостанай жылқысы қатысқан аламан өткізу ұсынылған болатын. Сонымен қатар, зауытта небары 48-ақ жылқы қалғаны […]
[…] тұңғыш рет Қостанай тұқымды жылқылардың жабық бәйгесін өткізбекпіз. Қалыптасу уақытында таза Қостанай тұқымды аттарды […]
[…] басады. Биылғы тек қана Қостанай жылқысының арасында өткен тұңғыш бәйге насихаттың […]
[…] және басқа да сала мамандары, атбегілермен бірге талқыға салғанбыз – деп еске алды […]