Маңғыстау. Жылқы жұтаған жаз (ФОТО)

8337

Әлеуметтік желі қолданушылары Маңғыстау облысында аштан бұратылып, көтерем болған жылқылардың фотоларын бөлісіп жатыр.

Фотоны Facebook-тегі парақшасына жүктеген жергілікті тұрғын Бердімұрат Төрекенов шарулардың жағдайын айтып, жергілікті биліктен қолдау көрсетуді сұраған екен.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында мал шаруашылығындағы ахуал мәз емес.

3-4 ағайынды жігіт жылқыларын қырға алып шықты. Үш төрт күн жүріп әрең жетті. Келгенше 3-4 жылқысы өлді. Ол шығынды өтеп жатқан, түсініп жатқан ешкім жоқ. Ол халықтың маңдай тері. Жүрмей қалған жылқыларын кезек-кезек тиеп, алдына әкеп тастап су беріп, тынықтырып, қайта он шақырым жерге жеткізіп отырған. Қайтып барғанша тағы төрт-бесеуі құлап жатады, — деп жазады желі қолданушысы.

Оның айтуынша, Бозашы түбегі шаруашылығына жол ашу керек.

Осы шаруалардың бастан кешіп жатқан қиындығын көзбен көру керек. Бұл төтенше жағдай, шаруаларға көмек беру керек. Жергілікті билік тарапынан қолдау керек, — дейді ол.

Жағдайы келетін шаруалар құдық қазып жатқан көрінеді. Оның өзінен су шығады ма, шықпайды ма белгісіз.

Мал ұстау оңай шаруа емес. «Малшының жанын мал баққан түсінеді, аурудың жаманын ауырған түсінеді» деген. Қыстан зорға шыққан малды жазда жайылым жоқ, сусыз қырып алмайық. Сондықтан кеш болмай тұрғанда жедел комиссия құрып, тығырықтан шығу жолдарын бірігіп ойластыру қажет, — деп жазған болатын Бердімұрат Төрекенов.

2 маусымда әкімдікте өткен аптада облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, шаруа қожалықтарына жем-шөп дайындау жұмысы басталды. «Каспий» ӘКК арқылы еліміздің басқа өңірлерінен мал азығын сатып алуға қажетті қаражат бөлініпті. Билік Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен жем-шөп жеткізу, сондай-ақ жайылымдар мен шабындықтарды пайдалану жөнінде келіссөздер жүргізуде.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов бастаған жұмыс тобы Ақтөбе облысының Алға, Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Қобда, Темір аудандарына барады. Жақында Бейнеу ауданының әкімі осы мақсатта Ақтөбе облысына барып, осы аудандардың басшыларымен келісім жасады, — деді әкімдікте.

Baq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!