Бұдан былай жылқыңызды да сақтандыра аласыз

4109

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы сақтандыру құралдарын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Өсімдік шаруашылығындағы ылғалдың жетіспеушілігі мен артықшылығынан алқаптарды сақтандыру және сиырды сақтандыру бойынша қолданыстағы өнімдерге енді қой мен жылқыны сақтандыру қосылды.
2020 жылдан бері мал шаруашылығында тек сиырды сақтандыру жұмысы атқарылып келген болатын. Енді ұсақ мал мен жылқыны толық сақтандыруды қамтамасыз ететін жаңа өнімдер енгізілді. Оған барлық ықтимал тәуекелдер кіреді және салыстырмалы түрде құны да төмен. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Мал аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан өлсе немесе ұрылар сойып алса, жоғалып кетсе сақтандыру арқылы шығынды өтеп алуға болады. Малды қалыпты түрде сақтандыру аясында фермер малын өз шаруашылығының аумағында ғана түрлі тәуекелдерден сақтандыра алады. Сақтандырудың кеңейтілген түрі форматында фермер малын 5 км радиуста орналасқан көрші шаруашылықтардағы аурулардың өршуінен сақтандырады — делінген хабарламада.

Сақтандыруға кемінде 30 бас мал қамтылады. Сақтандырылатын мал санына байланысты сақтандыру тарифтерінің әртүрлі деңгейлері белгіленген. Мысалы жылқы үшін — 2,31-ден 6,46%-ға дейін, ұсақ мал — 2,38-ден 6,16%-ға дейін.

Осы өнімдер бойынша сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау бар. Ол ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыруға және сақтандыру сыйқақысы сомасының 50%-ын субсидиялау арқылы сақтандыру шартын жартылай арзандатуға бағытталған. Осылайша, сақтандыру шартын жасау кезінде фермер шарт құнының жартысын төлейді, қалған жартысын ол үшін оператор – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төлейді — деп атап өтті қордың Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Асқар Қалиев.

Халық малын сақтандыру үшін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компанияларына ғана жүгіне алады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған жағдайларды әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар Халықаралық қайта сақтандыру компаниясы қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру тәуекелдері туындаған жағдайда кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер фермердің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы Qoldau.kz платформасында орналасқан Agroinsurance ақпараттық сервисінде жүргізіледі — дейді мамандар.

Егер, жануар ауырған жағдайда эпизоотиялық қызметтер іс-шараларын жүргізуі керек және олардың нәтижелері жүйеге жүктеледі.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.