Тараз тарландары марапатталды (ФОТО)

3818

Жыл қорытындыланар сәтте Жамбыл облысы атбегілері бір жыл бойы атқарған жұмыстарына қорытынды жасап, алдағы жылға атқарылар істерге, бәйге түрлерінен күнтізбелік жоспарға енген жарыстарға дайындық мәселесін пысықтады.

Өңірдегі қырыққа жуық атбегі Тараз қаласындағы «Balqaragai» дәмханасында бас қосып, арқа-жарқа дастархан басында әңгіме өрбітті.

Атбегі ақсақалдардың батасымен басталған жиынға өңірдегі атбегілер, шабандоздар мен бәйге жанашырлары қатысты.

Жамбыл облысы Бәйге федерациясының басшысы Мұрат Өсербаев жақында ғана ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұсынысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Бәйге спортының ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, өңірдегі 2021 жылы жетістікке жеткен атбегілер, шабандоздар марапатталды.

Марапаттау салтанатында биылдың өзінде Өнер көкпарынан екі рет ел чемпионы болып үлгерген Жамбыл облысының жігіттері келіп өнер көрсетті.

Биыл шағын дастархан басында өткен марапаттау алдағы жылы дәстүрлі түрде ауқымын кеңейтіп, өңірдегі ат спортына қатысты азаматтардың барлығын қамтитыны айтылды.

Сонымен жыл үздіктерін марапаттау салтанатында «Үздіктердің үздігі» атанған бірнеше азаматтың аты-жөнін атап өтсек.

«Үздік тай» — Қордай ауданының «Қазына» атты тайының иесі Ерлан Бейсеуовке берілді.

«Үздік құнан» — Т.Рысқұлов ауданының «Жүлдегер» атты құнанының иесі Айдар Оразалиевке берілді. «Жүлдегер» биылғы Елбасы кубогында бірінші орын алған болатын.

«Үздік бәйге аты» — Байзақ ауданының «Ақбақай» атты жүйрігінің иесі Әлібек Егембердиевке берілді. «Ақбақай» биыл Алматы облысында Жолан Омаров атында өткен «Жетісу жүйрігі» бәйгесінде бірінші орын алған еді.

Топырағынан тұлпар түлеп шығатын Тараз тарландары биылғы жылды жемісті де, жеңісті жыл болды деп қорытындылады.

Тараздағы салтанатты шараға Argymaq.kz сайтының Бас редакторы Ержан Жаубай да қатысты.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.