ДКО. Ел құрамасы көкпардың екі түріне қатысады

1341

9 қыркүйек пен 4 қазан аралғында Түркияның Изник қаласында өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпар, қазақ күресі, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату спорт түрлері бойынша қатысады.

IV ДКО-ға еліміз көкпаршыларынан көкпардан (шеңбер) және көкбөріден (қазандық) екі құрама жасақтады.

Көкпардан сынға түсетін шабандоздар:

Ұлан Байтөреев – 28.11.1979. (Атырау облысы)

Абылайхан Нышанбеков – 18.11.1994. (Түркістан облысы)

Құрманбек Тұрғанбек – 18.04.1997. (Жамбыл облысы)

Ынтымақ Әліпбаев – 01.05.1990. (Атырау облысы)

Құлажан Тоғайбаев – 14.04.1987. (Жамбыл облысы)

Бақытжан Әзімбай – 19.06.1993. (Атырау облысы)

Дәулет Айтан – 31.08.1995. (Түркістан облысы)

Арман Жамалбеков – 20.08.1992. (Түркістан облысы)

Есжан Құрманбай – 02.07.1993. (Жамбыл облысы)

Ислам Рәт – 15.12.1993. (Жамбыл облысы)

Айнабек Бердіқұл – 20.11.1997. (Жамбыл облысы)

Әділет Мамыт – 09.09.1997. (Түркістан облысы)

Бұған дейін халықралық және әлемдік турнирлерде көрсетілім ретінде ғана ойналатын қырғыздың ұлттық ойыны Көкбөрі биыл ДКО-ға ресми тіркелген болатын. Осыған байланысты біздің ел де өз құрамасын дайындады.

Ендеше таныс болыңыздар, халықаралық дәрежеде қауіпті ойын саналған көкбөріден ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері:

Манарбек Дүйсенбиев – 09.01.1976. (Жамбыл облысы)

Абылай Қарқабат – 21.08.1994. (Түркістан облысы)

Ернат Мәлімбай – 08.01.2000. (Жамбыл облысы)

Мәді Сейділлә – 19.05.2002. (Алматы облысы)

Бақытжан Сайдолданов – 30.03.1995. (Алматы облысы)

Тахир Жұмашев – 17.01.2000. (Атырау облысы)

Алмат Жүнісов – 18.01.1995. (Қызылорда облысы)

Ерғалым Жақсылық – 19.05.2002. (Жамбыл облысы)

Елдос Асыл – 14.11.1993. (Жамбыл облысы)

Темірлан Сейітбеков – 07.09.1992. (Алматы облысы)

Қайыржан Сүлейменов – 13.02.1988. (Алматы облысы)

Ернар Жарылқасын – 11.03.1998. (Жамбыл облысы)

Алдағы жарыста ел намысын қорғауға құрама толық дайын. Биыл еліміз қырыздың ұлттық ойыны көкбөрі бар. Біз оған да дайынбыз. Жеңіс тұғырынан көрінуге дайынбыз – дейді  «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Бақдәулет Сәбитов.

BAQ.KZ

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.