Қазақстан чемпионаты. Ұлы аламанның үздігі анықталды

1734

Республика күні мерекесі қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданындағы Байсерке ипподромында бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Бәйгенің 4 түрінен өткен чемпионатқа еліміздің 11 өңірінен 100-ге жуық жүйрік сынға түсті.

Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін құнан бәйгеде, топ бәйгеде және 25 шақырымдық аламанда ат оздырған шабандоздармен таныстырған болатынбыз. Ал қазір 31 шақырымда Ұлы аламанға қатысқан 31 жүйріктен мәре сызығын кескен алғашқы 5 жүйрікті анықтасақ деп отырмыз.

Жүлдеге қос автокөлік беріліп, елімізде алғаш рет бәс тігілген (бекмекерлік кеңселер арқылы ставка қойылды – Е.Ж.) дүбірлі бәйгеде топ жарған жүйріктер:

5-орын: Алматы облысының «Топжарар» атты сәйгүлігі. Шабандозы – Әли Мұхамет, жүлдесі — 700 000 теңге.

4-орын: Бұл да Алматы облысының жүйрігі. Әйгілі «Қаратауды» тізгіндеген шабандоз – Бейбарыс Қуанған, жүлдесі — 1 000 000 теңге.

3-орын: Тағы да Алматы облысынан келген жүйрікке бұйырды. «Қаршығаға» қанат қақтырған шабандозы Рамазан Кеңес, жүлдесі -1 500 000 теңге.

2-орын: Жамбыл облысынан келіп, бәйгеге тігілген қос автокөліктің бірін мініп қайтқан шабандоз – Айтқабыл Қабыл. «Chevrolet Damas» автокөлігі «Сұлтан» есімді сәйгүлікке бұйырды.

1-орын: Ұлы аламанның бірінші орнына тігілген екінші автокөлікті де Жамбыл облысының жүйрігі иеленді. Бекарыс Биболсын тізгіндеген «Желқанат» «Lada Granta» иеленіп, биылғы жылғы Қазақстан чемпионы атағын қанжығаға байланды.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.