Тоқаев Адай жылқысын асыл тұқымды жылқы ретінде дамытуды тапсырды

3525

Бүгін Маңғыстау облысы халқымен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адай жылқысының мәселесін қозғады.

Халқымыз үшін жылқының орны қашанда ерекше. Қазақ Адай жылқысын Маңғыстаудың бірегей байлығы деуге болады. Бұл арғымақтар шөлге ерекше шыдамды, алыс жолға төзімді екенін бәрі біледі. Маңғыстау тұлпарлары алысқа шабатын халықаралық марафон жарыстарында әрдайым бәйге алып жүр. Жақында өткен «Ұлы дала жорығында» облыс шабандоздары жеке-дара озып келді – деді Мемлекет басшысы.

Ол сонымен қатар Адай жылқысының кереметін әлемге таныту жайлы айтты.

Қазақ Адай жылқысын әлемге таныта алсақ, бұл біздің тағы бір тамаша брендімізге айналады. Сондықтан, Үкіметке оны ғылыми түрде асыл тұқымды мал ретінде тану және көбейту үшін тиісті жұмыстарды жедел қолға алуды тапсырамын – деді Президент.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.