Екі мыңға жуық жылқысы бар “Масақбай” жылқы шаруашылығы

masaqbai1

Қайырболат Ханафин басшылық ететін “Масақпай” ЖШС – Отандық жылқы тұқымдары арасында асыл тұқымды жылқының үш түрін қатар өсіріп жатқан бірегей шаруашылық.

“Ол 2007 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қойтас елді мекенінде құрылған. Аталған шаруашылықта өсіріліп жатқан жылқыларға үздіксіз селекциялық жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде 2017 жылы Қазақстан Республикасы “Ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының Республикалық палатасына” қазақтың асыл тұқымды жылқысының үш түрін бірдей өсіретін шаруашылық ретінде тіркелді. Олар: “Қазақтың жабы жылқы тұқымы”, “Қазақтың көшім жылқы тұқымы” және “Қазақтың мұғалжар жылқы тұқымы”. Асыл тұқымды жылқылар тамаша табиғат аймағында, “Сұңқария” көлінің жағасында, “Қойтас” тастарынын арасында, кең, мол жайлымда, шүйгін шөпті емін-еркін жеп, жайбырақат жағдайда мекен етіп дамып келеді” – дейді осы ЖШС-тың ғылыми кеңесшісі, а/ш.ғ. кандидаты, доцент Исxан Қайрат.

Бұл шаруашылықтың негізгі аталық іздері мен аналық ұяларынын жасақталуы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарынын белгілі асыл тұқымды шаруашылықтарынан әкелінген тұқымдық айғырлар мен аналықтардан бастау алады.

“Қазіргі таңда жылқы шаруашылығында 2000 мыңға жуық асыл тұқымды жылқы өсіріліп жатыр. Көшім тұқымының негізгі топтары Батыс Қазақстан облысында «И.Сергазиев», «Көшім» атындағы жылқы зауыты мен Ақтөбе облысының бірқатар аудандарында өсіріледі. 1976 жылы “Көшім” жылқы тұқымы болып бекіді. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 30-қарашадағы №156-бұйрығы бойынша Мұғалжар жылқы тұқымы апробацияланды. Мұғалжар жылқы тұқымдары Ақтөбе,Қарағанды облыстарында «Жансая»., «Шолақ-Еспе» жылқы зауытында және т.б. өсіріледі. Жабы типті қазақы жылқы Павлодар (Кереку), Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жүйелі түрде өсіріліп келеді. Ал “Мұғалжар” жылқысы Ақтөбе өңірінде, “Жансая” шаруа қожалығында жақсы дамып келеді” – дейді ҚазҰАУ-нің қауымдастығының профессоры Қайрат Жәлелұлы.

Қазіргі таңда еліміздің жылқы шаруашылығындағы басты қызығушылық – ет пен сүт өнімдерін мол беретін, өндіріс шығыны аз қазақы жылқыны өсіру. Тәуелсіздікке «тұлпар ізімен» жеткен қазақ халқы үшін қазіргі таңда жылқы шаруашылығының орны бөлек.

Суретте: “Жалпақ”, “Теңбіл көк” (жабы), “Жуас құла” (мұғалжар) және “Сұңқар” (көшім) есімді тұқымдық айғырлар көрсетілген.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>