Аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирінің БАСПАСӨЗ парақшасы
Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылы аумағында қыркүйек айының 14-күні «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілетін 43 шақырымдық аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді.
Турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысы 10 бәйге аттан қатыстырып, бәсекеге түседі деп жоспарлануда. Жарысқа аттардың барлық тұқымдары жіберіледі.
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі деген атына сай, жүлде қоры да қомақты. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан аты аңызға айналған Құлагер, Байшұбар, Қубас, Қарақасқа, Ақтабан, Боз ауыз, Тайбурыл, Көкбурыл, Шалқасқа, Тарлан ат номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Осы шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылып отыр. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалған. Сондай-ақ, ұлттық жәдігерлер көрмесі мен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді.
Турнирді «Нұр Отан» партиясы қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткізеді. «Алтын тұлпар» турнирінің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.
Өтетін орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Астанадан 30 км қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылының аумағы (Қосшыдан кейінгі ауыл). «Asia Park» ойын-сауық орталығынан автобустар қатынайды. Автобус сағат 10.00-де жолға шығады.
Өтетін уақыты: 14 қыркүйек, 2014 жыл
11-00: «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің салтанатты ашылуы;
11-10: Бәйгенің басталуы;
14-00: Мерекенің салтанатты жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау
Байланыс телефондары: Абзал Қалиев, 8(707)8550586
Индира Шалқарбаева, 8(701)2225389
БАҚ өкілдеріне тіркелу міндетті
ulttyqsport.kz