Елдегі ең мықты жекпе-жек аты анықталды (ФОТО)

1426

Көкпардан жекпе-жек аттары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Қызылорда облысында өтіп жатқан Көкпардан ересектер арасындағы ХХІІІ Қазақстан Республикасы чемпионаты аясында ең мықты жекпе-жек атын анықтау бәсекесі өтті.

Ел біріншілігін анықтап жатқан 16 командадан бір-бір көкпаршы өз атымен шығып, жекпе-жектің мықтысын анықтады. Осы орайда, чемпионатқа команда әкелмесе де, жекпе-жекте ат сыналтуға Алматы қаласы да қатысқанын айта кеткен ләзім.

Сонымен жекпе-жекке шыққан жігіттер:

  1. Абду Мейрамбек (Қостанай облысы), аты – «Олжа»
  2. Қабжанов Арслан (Астана қаласы), аты – «Хантемір»
  3. Жиенқұлов Эльдар (Алматы облысы), аты – «Ақжазық»
  4. Тоқанай Айбар (Атырау облысы), аты – «Нарынқасқа»
  5. Эльдар Жарылқап (Шымкент қаласы), аты – «Жебе»
  6. Сағымбек Мадияр (Алматы қаласы), аты – «Сабалақ»
  7. Сайдулла Әзірет (Түркістан облысы), аты – «Намыскүрең»
  8. Қалмұханбетұлы Абылайхан (Қызылорда облысы), аты – «Ақойнақ»
  9. Боранов Жалғас (Астана қаласы), аты – «Ақжал»
  10. Қиқу Бекнұр (Ақмола облысы), аты – «Серко»
  11. Таирбеков Саржан (Шымкент қаласы), аты – «Көкбет»
  12. Сейтбеков Темірлан (Маңғыстау облысы), аты – «Саян»
  13. Нұрмұқанов Ермұхан (Ақмола облысы), аты – «Сүлікқара»
  14. Нышанбеков Абылайхан (Түркістан облысы), аты – «Көксерек»
  15. Бейсен Қуаныш (Жетісу облысы), аты – «Көккеме»
  16. Өркен Елдос (СҚО), аты – «Ахилес»
  17. Дүсембай Руслан (Маңғыстау облысы), аты – «Көк ат».

Осы 17 жігіттің арасынан үздік үштік анықталды. Қарсыласына жерде жатқан серкені көтертпеудің және үстіндегі шабандозға серкені іліп әкетуге барлық жағдайды жасап беруге тырысқан сәйгүліктердің әрекеті елді сүйсіндірді.

Десе де, жүйріктен жүйрік озар дегендей, кіл мықтының ішінде бір мықты қашанда болады. Кешегі Лазер мен Намыскөктің жалғасындай болып, бұл сайыста шымкенттік шабандоз тақымдаған «Жебе» атты қазанат қарсылас шақ келтірмеді.

1-орын: «Жебе», шабандозы – Эльдар Жарылқап (Шымкент қаласы). Жүлдесі – 1 000 000 теңге;
2-орын: «Саян», шабандозы – Темірлан Сейітбеков (Маңғыстау облысы). Жүлдесі – 500 000 теңге;
3-орын: «Көксерек», шабандозы — Абылайхан Нышанбек (Түркістан облысы). Жүлдесі – 300 000 теңге;
4-орын: «Ақжазық», шабандозы – Эльдар Жиенқұлов (Алматы облысы). Жүлдесі – 100 000 теңге;
5-орын: «Ақжал», шабандозы — Жалғас Боранов (Астана қаласы). Жүлдесі – 100 000 теңге;

Бұған дейін бұл жарыс бірнеше рет өткен еді. Алайда чемпионат мәртебесін алғаш алуы.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.