“Ұлы далаға үлес”. Жүлде қоры – 150 жылқы

kokpar14

6-7 шілде күндері өтетін «Ұлы далаға үлес» атты ұлттық ойындар жарысына 150 жылқы тігіледі. Бұл туралы елордада елімізге оралған қандастар жаңадан құрған «Болат тұяқ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен баспасөз отырысында белгілі болды.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан, «Болат тұяқ» қоғамдық қорының тең төрағалары Жақып Баймоллаұлы мен Нұрдәулет Нұрбәрәкұлы, Отандастар қауымдастығының вице-президенті Мәди Манатбек, сондай-ақ, белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам және басқа алыс-жақын шетелден тарихи отанына оралған кәсіпкер азаматтар, белгілі қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, ұлттық спорт мамандары мен жанашырлары қатысты.

Елорда күнінде «Болат тұяқ» қоғамдық қоры қазақтың ұлттық ойындарының бірқатар түрлерінен сайыс өткізеді. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, жарыс ұлттық спорттың 13 түрінен  бұрын-соңды болмаған ауқымда ұйымдастырылмақ.

Атап айтсақ, жарыс әуелі әр ауылдың атқамінер азаматтарының шеруінен басталмақ. Ары қарай бес түрлі қашықтықтан  тұратын ат бәйгесі, некелі әйелдердің жаяу жарысы, қара жердің қайығы (түйе жарысы), көкпар тарту, қолаң шаш қазақ аруларының байқауы, алып күш иелерінің сайысы, ұлттық қолөнер бәйгесі, ат сыншыларының жарысы (әр өңірден), қыз қуу, теңге ілу, арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ және тағы басқа спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Одан бөлек,  киіз үй көрмесі мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі қонақтарды күтеді.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан елімізде жаңадан құрылған «Болат тұяқ» қоғамдық қорының бастамасына ризашылығын білдірді.

«Мен бүгін сіздердің бастап жатқан игі істеріңізге қатты разы болып отырмын. Елорда күніне орай «Ұлы далаға үлес» атты ел ішінде бұрын-соңды болмаған ірі жарыс өткізгелі отыр екенсіздер. Бұл елімізге, елорда күніне үлкен тосын сый болғалы отыр. Бастаған істеріңізге қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Бекболат  Тілеухан.

Баспасөз барысында отырысқа қатысқан өзге де ұлттық спорт мамандары мен жанашырлары жарысты қалай өткізу барысын талқылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>