Азия чемпионаты. «Түрік стилінен» қазақ мерген жеңімпазы атанды

308

Бес күнге жалғасқан тартысты доданың бүгін соңғы күні. Кешеден бері сарапқа салынып жатқан Жамбы атудан Азия чемпионатының «Түркі стилі» бойынша бүгін жеңімпаз мерген анықталды.

Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігінің, Ұлттық спорт қауымдастығы мен ҚР Жамбы ату федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан дүбірлі доданың тағы бір стилі бойынша жеңімпаз анықталды.

Бұған дейін Мажар стилі мен Азия стилінде алдына жан салмаған саудиялық мергендер бұл жолы мүлт кетті. Осы спорт түрі бойынша ең күрделі стильдердің біріне жататын түрік стилі біраз мергенді састырғаны анық.

Басқа стильдер тек бір түрлі нысанды атса, түрік стилінде үш түрлі нысан атылады. Әсіресе «қабақ» аталатын алты метр сырықтың басына ілінген табақты атып түсіру оңай емес. Оның үстіне бүгін Шымкенттің желі терісінен тұрып, атқан оқты аудырып тастай берді.

Садақ атудың өз ерекшелігі бар. Бұл спортты жауынгерлік дайындық деп ойлар болсақ, жаугершілік заманда «бүгін жел соғып тұр екен, оқ дұрыс ұшпайды» деп, соғысты тоқтатпайды ,ой ешкім. Тіпті, аңшылыққа шықтым деп ойласаңыз, жел соғып тұр, атқан оғым аңға тимейді» деп жол ортадан қайтып кетпейсің ғой. Спорт та тура сол секілді. Жел соғып тұр екен деп, ойынды тоқтатып тастамаймыз. Бұл керісінше, спортшыларға шыңдала түсуі үшін жақсы мүмкіндік. Жел кезінде оқ атудың да өз әдісі бар. Сайысқа қатысушылар соны меңгере түседі – дейді Жамбы атудан Қазақстан республикасының ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.

Сонымен, 20 метр секунд жылдамдықпен соққан желге қарамастан, «Түрік стилі» бойынша үздіктерді анықтау жалғасты.

Тартысқа толы сайыста еліміздің намысын қорғаған үздік сұрмергендердің бірі, ұлттық құраманың мүшесі Батыр Бексауыт чемпион атанды.

Көрсеткіш төмендегідей:

I орын. Батыр Бексауыт – 50,40 ұпай (Қазақстан)

II орын. Rakan Al Mubarak – 47,03 ұпай (Сауд Арабия)

III орын. Arsa Wening Arrosyad – 41,19 ұпай (Индонезия)

Ал қазір Жамбы ату (Қазақ стилі) бойынша мергендер анықталады. Сонымен қатар бүгін түстен кейін марапаттау рәсімі өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Мажар» стилі мен «Азия стилінде» Сауд Арабиясынан келген мергендер алғашқы орынды бермеген болатын.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.