Ел чемпионаты. «Әлімата» «Астанаға» есе жіберді

1998

Бүгін Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының екінші күні.

Бүгін де көкпардың топтық кезеңі жалғасын табатын болады. Алаңға 9.00 – 10.00-ның арасында Ақтөбе облысының құрамасы мен Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы шықты. Одан кейін сағат 10.00 – 11.00 арасында кешегі алғашқы ойында Ақтөбе құрамасын 16:2 есебімен ойсырата ұтқан Түркістан облысының «Құлагер» командасы мен ШҚО құрамасы алаңға шығады.

11.00 – 12.00 аралығында Чемпионаттың ашылу салтанаты өтеді. Одан кейін топтық кезеңнің келесі командалары рет-ретімен алаңда асыр салатын болады.

Алматы қаласы – Жамбыл обл. 11.30 – 12.30

БҚО – Қызылорда облысы 12.30 – 13. 30

Атырау облысы – Маңғыстау обл. 14.30 – 15.30

Қостанай облысы – СҚО 15.30 – 16.30

Ақмола облысы – Павлодар облоблысы 16.30 – 17.30

Сонымен қос команданың ойыншыларын таныстырып жатпайық. Себебі кешегі ойында барлық команда құрамын толық таныстырғанбыз.

Екі бөлімнен тұратын додада кеше Шығыс жігіттеріне есе жіберген «Астана» бүгін сол кемшіліктің орнын толтыруға барын салды. Ал өткен ойында «Құлагерге» есе жіберген ақтөбелік жігіттер бүгін қызу. Дегенмен екі команда да кешегі додадан біраз тәжірибе жинап қалғанын байқатты.

Сонымен ойынның алғашқы кезеңінде есеп – 3:2-ге жетті. «Астана» бүгін ширақ. Күннің салқындығы да қос командаға үлкен мүмкіндік беріп тұрғандай.

Ойын соңында есеп 9:5-ке жетті. Жеңіс – «Астана» құрамасының қанжығасында.

Салым иелері:

«Әлімата» – Нұрлан Бейсенбиев 3 салым, Елдос Өркен 2 салым.

«Астана» — Қазыбек Амангелдинов 2 салым, Нұрболат Қартқожақ 1 салым, Ерлан Қанапин 5 салым және Арслан Қабжанов 1 салым

Естеріңізге сала кетейік, көкпар жалпы төрт топқа бөлінген 15 команданың арасында өтіп жатыр. А тобында: Ақтөбе облысы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы және ШҚО құрамасы бар. В тобында: БҚО, Атырау облысы, Қызылорда облысы және Маңғыстау облысы бар. С тобында: Алматы қаласы, Қостанай облысы, Жамбыл облысы және СҚО құрамасы бар. Ал D тобында: Қарағанды облысы, Ақмола облысы және Павлодар облысы қатарлы үш команда бар. Айтпақшы, бұл чемпионатқа Шымкент қаласы мен Алматы облысының көкпар командалары қатысқан жоқ.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!