Оңдасын Оразалин: «Көшім» мен «Мұғалжар» жылқысы қазақ елінің мақтанышына айналды (ФОТО)

4553

Ақтөбе қаласында асыл тұқымды жылқылардың санын арттыру, «Өнімділік бағыттағы жылқы шаруашылығының бүгіні мен ертеңі» тақырыбында Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.

Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, «Ақтөбе тәжірибе стансасы » ЖШС жылқы шаруашылығының меңгерушісі, а.ш.ғ.к Серік Рзабаев, Өнімділік бағыттағы жылқылар Республикалық палатасының директоры Еркегүл Тілеген және облыстағы жылқы шаруашылығының басшылары мен 15-ке жуық ғылыми ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Аймақ басшысы аграрлық секторды экономиканың драйвері ету Елбасы қойған тапсыра екенін айтты.

«Тарих тереңіне үңіліп, рухымызды жаңғырту мақсатында, бабалар даңқын дәріптегіміз келсе, қандай ескерткіш болмасын, оларды ат үстінде бейнелейтініміз жасырын емес. Өйткені күні кешеге дейін ат көшпенді қазақ үшін төрт түлік малдың басы  ретінде бағаланып келді. Мінсе көлік, сойса азық болған, алысты жақындатып, жауға шапқанда арқыратып рух берген жылқы малының біздің өміріміздегі орны ерекше болып қала бермек. Әрине бүгінгі даму үрдісімізде жылқы малының басты көлік ретіндегі рөлі азайғанмен, азық ретіндегі рөлі күннен күнге артуда. Жылқы етінің ағзаға тигізер пайдасы бүгін ғылыми дәлелденіп, бүкіл әлемде сұраныс көбейуде»,- деді Оңдасын Оразалин.

WhatsApp Image 2019-11-16 at 01.01.21

«Ақтөбе тәжірибе стансасы » ЖШС жылқы шаруашылығының меңгерушісі, «Мұғалжар» және «Көшім» асыл тұқымды жылқысының  авторы а.ш.ғ.к Серікбай Рзабаев Мұғалжар жылқысының ерекшелігіне тоқталды.

«Жылқы тұқымын сақтау, жалпы осы салаға деген көзқарас түбегейлі өзгеруі қажет. Сонда ет, сүт мәселесінде проблема болмайтыны өз алдына, ел тұрғындарының денсаулығы да түзелер еді, Мұғалжар жылқыла­ры­ның һәм қазақы жабының бір ар­тық­шылығы, суыққа төзімділігі. Қыс бойы тебінге түседі. Қолға тұра­тын сәті өте сирек. Сондықтан көп шығынды қажет етпейді. Сек­сенін­ші жылдарда сонау Якутиядан ке­ліп, біраз жылқы алып кеткен ма­­мандардың айтуынша, біздің жыл­қылар 60 градус суыққа да селт етпей, тебінге түсе береді екен. Өйт­кені Саха елінде қаншама суық бол­ғанымен қар біздегідей қатпай­тын көрінеді.» -деп атап өтті Серікбай Рзабаев.

34347735-c02f-467e-a524-9a58b1a84246

Мемлекеттен көрсетілген қолдаулардың арқасында өңірде мал бас саны артып келеді.Ауыл шаруашылық малдарының барлық түрі бойынша өсім 102-112% құрады. Мәселен, ІҚМ 493,3 мың басты құраса оның ішінде жылқы 134,7 мың басқа жеткен. Түйе 17,5 мың, қой-ешкі 1284 мың.

16061e17-53f6-4de3-8fea-edfae03d5f28

Соңғы 15 жылда Ақтөбе облысында жылқы шаруашылығы қарқынды дамып екі есеге артқан. Сондай-ақ сапалық жағынан үстіміздегі жылы республика бойынша асыл тұқымды жылқы үлесі 7,5 % болса, облыста 17,5% құрап асыл тұқымды жылқы саны 22,5 мың бас болды.

e1c92223-eaed-43a5-94a3-c47d10b673f4

Жиын барысында жылқы шаруашылығымен айналысушылар облыс басшысына заман талабына сай мал қораларын салу, бос жатқан жерлерді малшылардың пайдалануына мүмкіндіктер қарастыру бойынша қолдау көрсетуге қатысты ұсыныс- пікірлерін жеткізді.

7a4fc350-16d7-4847-bc65-228f700b2a38

Өнімділік бағыттағы жылқылар Республикалық палатасының директоры Еркегүл Тілеген қымыз ішу мәдениетін қалыптастыру,ұлттық сусынды мектеп немесе әскерлердің тамақ мәзіріне енгізу қажеттігін айтып өтті.

3e64c506-fde6-4f85-a971-440923c30091

Сонымен қатар, палата тарапынан қазіргі таңда мал ұрлығының алдын-алу мақсатында JPS орналастыру үшін Корея елінің IT мамандарымен келіссөздер жүргізгенін жеткізді.Облыс әкімінен аталған ұсыныстарға қолдау көрсетуін сұрады.

«Менің өңірге алғаш келгенде өздеріңізге ұран етіп тастап, қолдау сұраған басты бағдарламаларымының бірі де осы, «қаланы жанға толтырсақ», сонымен қатар «даланы малға толтыру» болғанын білесіздер. Төрт түлік малдың қай-қайсысын да өсіріп-өндіруге бізде толық жағдай бар. Соның ішінде жылқы малының алар орны ерекше. Оған лайықты жағдай бар, қажетті жайылым да жеткілікті. Біз күні кешеге дейін жылқы малын асылдандырудың ғылыми жолын негіздеген өңірміз. «Көшім» тұқымы мен «Мұғалжар» жылқысы тек біздің өңірдің ғана емес, барша қазақ елінің мақтанышына айналып, сұраныс күннен күнге артуда»-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

10945aaf-6292-41ed-9cc1-40bdb7495d01

Жиын соңында облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдеріне ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне жылқы шаруашылығы мемлекеттік қолдау бағытында өзгерістер енгізуге ұсыныстар беріп, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу бағытына бюджеттен қаржы бөліну мүмкіндігін қарастыруды, жылқы шаруашылықтарының жайылымды жерлермен қамтамасыз етілуі, пайдаланбай жатқан жерлерді қолданысқа енгізу мәселесі тұрақты бақылауға алынуын тапсырды.

argymaq.kz

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!