Қазақ көкпары Гиннестің рекордтар кітабына кіреді (видео)

6661

Сарыағаштағы көкпар Гиннестің рекордтар кітабына енетін болды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында наурыз айында бұрын-соңды болмаған көкпар тартылғаны есімізде.

Көкпарға 12 мыңға жуық адам қатысқан еді. Шабандоздар санынан жер қайысқан сол көкпардың Гиннес рекордтар кітабына енетіні мәлім болды. Оператор Ілияс Әуелбеков бәсекені ұшқан құстай биіктікке көтерілген квадрокоптерге байланған бейнекамера арқылы түсірді. YouTube порталынан бұл көкпарды қызықтағандардың саны 100 мыңға жуықтады. «Ауыздығымен алысқан сәйгүліктердің дүбірі он шақырымнан естілді», — дейді Ілияс. Ірілі-ұсақты бағалы сыйлықтарды қоспағанда, Сарыағаштың бұл көкпарында төрт салымға — төрт жеңіл автомобиль тігілді.

«ҚазАқпарат» ақпараттық жүйесінен алынды

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!