Көкпардан жасөспірімдер чемпионаты. Түркістан тағы жеңімпаз (ФОТО)

2510

Қостанай қаласында көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Еліміздің 15 өңірінен келген, 2006-2008 жылы туған жасөспірімдерден жасақталған командалар өзара ең мықтыны анықтады.

Ел чемпионатын ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Алты күн бойы Қостанай атшабарын додаға айналдырға дүбірлі жарыста көкпар спортының жаңа да жас буыны қалыптасқаны анық көрінді.

Енді бірнеше жылда Жамбылдың «Әулие-атасын», Түркістанның «Тұранын», Маңғыстаудың «Адай атасы» мен Атыраудың «Нарынының» қатарын толықтырар бүгінгі жастардың аяқ алысы бөлек. Әсіресе еліміздің 11 дүркін чемпионы атанып, Жамбыл жерінде командалық көкпардың үлкен мектебін қалыптастырып үлгерген тараздықтарды ойда жоқта Алматы қаласының құрамасы ұтып кеткені көкпар сүер қауымның күтпеген жаңалығы деуге болады.

Ал бұған дейін де еліміздің жасөспірімдер чемпионатында көшбасшыға айналған Түркістан облысының жастары биыл да жүрісінен жаңылған жоқ.

Тартысты чемпионатта Түркістан облысының құрамасы тоғызыншы рет жеңімпаз атанды.

Ұлттық спорттың қайнарынан келген түркістандықтарға қарсы тұрып, күміс жүлдеге ие болған Қарағанды облысының командасы ерекше өнер көрсетті.

Ел біріншілігінің үшін орын тұғырына Алматы мен Шымкент қалаларының командалары көтерілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, кубок, медаль және ҚР ұлттық спорт қауымдастығы тағайындаған ақшалай сыйақымен марапатталды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.