Қытайда өтетін Аударыспақтан ІІ Азия чемпионатына қатысатын еліміздің команда құрамы анықталды

5361

Шілде айының 13-15 жұлдызында Қытай елінде өтетін Аударыспақ спортынан ІІ  Азия чемпионатын өткізу қызу даярлық үстінде.
         Аударыспақтан екінші мәрте өткізілгелі отырған Азия чемпионатының басталар мерзімі жақындаған сайын қалың жанкүйерде елеңдеу көбейді. Әлі табаны күректей екі айға жуық уақыт бар.  Бірақ, ұлттық спорттың жаңалығына құмар қауымның білгісі келетіні көп.
Мысалы, ІІ Азия чемпионаты Қытайдың қай өңірінде өтеді? Оған қанша мемлекеттің командалары қатысады? Сайыс қандай салмақ дәрежесінде өтеді? Қазақстаннан баратын команда құрамы анықталды ма? Біздер әзірге осы сауалдар ретіне орай қысқаша ақпараттарды назарға ұсынамыз.

Аударыспақтан ІІ Азия чемпионатының негізгі ұйымдастырушылары – «Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығы», Қытай  Халық Республикасы Іле Қазақ автономиялы облысының әкімдігі және Іле Қазақ автономиялы облысының Ұлттық спорт түрлері федерациясы. Чемпионаттың өткізілетін жері –  ҚХР ШҰАР Іле Қазақ автономиялы облысындағы Моңғолкүре ауданы.

Бұл аударыспақ додасына қанша мемлекет қатысады деген сауалға келсек – әзірге 10 команданың сайысқа түсетіні анық болды. Олар – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркия, Моңғолия, Венгрия, Ресейдің Алтай республикасы және Қытай елінің командасы.

Аударыспақ бәсекесі бұрынғыдай бес салмақ дәрежесінде өтеді. Атап айтқанда, 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде.

Таяуда Қазақстанның Аударыспақтан өтетін ІІ Азия чемпионатына іріктелген құрама командасы жасақталды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Қ.Құрамаев. Команда құрамы төмендегідей:

60 келі салмақта – Хамит Мерейхан (Ақмола обл).
70 келі салмақта –  Жапишев Ермек  (ШҚО)  және Байғонов Ерназар  (ОҚО).
80 келі салмақта –  Жұмалиев Түймебек (ОҚО)
90 келі салмақта –  Ізбасаров Сырым  (ОҚО)
+90 келі  салмақта – Қосалиев Біржан  (ОҚО)

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Баспасөз қызметі

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!