Астанада халықаралық жаппай көкпар өтеді

3577

Бұл туралы Елордада өткен ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының «Көкпар» ойының әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған халықаралық семинар-кеңесі барысында қауымдастық Президенті Бекболат Тілеухан мәлімдеді.

Семинар барысында алдағы жылы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме барысында көкпардан Әлем чемпионаты өтетіні белгілі болды. Сонымен қатар осы чемпионатқа орай қолданыстағы көкпар ойынының ережесіне бірқатар өзгертулер енгізілді.

«Алдағы жылы ЭКСПО-2017» көрмесі барысында 3-қыркүйек күні дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтетін болады. Осы бәйге аяқталған соң халықаралық деңгейдегі жаппай көкпар өткізуді ұйымдастырмақшымыз. Бұл көкпарға осы жылы 25-28 тамыз күндері өтетін Әлем чемпионатына келген мемлекеттердің де көкпаршылары қатыса алатын болады. Бірінші салым 100 мың теңгеден басталып, 10 млн теңгеге дейін көтерілетін болады. Оның сыртында автокөлік тігетіндер де кездеседі деп болжап отырмыз» – дейді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті Бекболат Тілеухан.

Әзірге бұл додаға ниет білдіріп отырған мемлекеттер Венгрия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан қатарлы елдер.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!