Жылқыға қатысты жер атаулары
Қазақтың көптеген жер-су атаулары жылқы малына байланысты. Жылқы атауымен аталатын өзен-көлдер, тау-жылғалар мыңдап саналады. Бүгін назарларыңызға сол киелі қазынамыздың бір мысқалдайын ғана ұсынып отырмыз. Бұл жерде wikipedia білім жүйесінен алыңған және әлеуметтік желі арқылы сауалнамамен жиналған жер атаулары бар.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында әркім өз туған жеріне қызмет қылуды тапсырғаны баршамызға белгілі. Ендеше, сіз бен біздің туып өскен өңірде де жылқы малына қатысты жер-су атаулары барына сеніміміз кәміл. Олай болса, Argymaq.kz порталының «Арғымақ антологиясына» өзіңіз де үлес қосып, өз туған жеріңіздегі жылқымен байланысты жер-су атауларын шығу тарихымен бірге осы мақалаға пікір ретінде немесе argymaq.kz@mail.ru поштасына жолдауларыңызға болады.
Айғыржал
Алматы облысында
Қаратау жотасының оңтүстік-батысында орналасқан тау. Алматы облысы Райымбек ауданындағы тау. Абсолюттік биіктігі 2475 м.Тау етегінен ірілі-ұсақты бірнеше өзендер бастау алады. Беткейлері жайпақтау келген.
ШҚО-да
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы ауыл, темір жол стансасы. Аягөз қалалық әкімдігі құрамында. Аудан орталығы — Аягөз қаласынан солтүстікке қарай 31 км-дей жерде орналасқан.
Қарағанды облысы, Қарқаралыда
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығыс шетін ала Егіндібұлақ ауылының шығысына қарай 50 км жерде орналасқан тау. Абсолюттік биіктігі 761 м. Ұзындығы 2 км, енді жері 1 км. Солтүстік беткейі тік, түпкі жыныстары жалаңаштанған тас көмір дәуірінің гранитоидтарынан түзілген.
Жаңаарқада
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының солтүстігіндегі тау массиві. Атасу кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 7 км. Ең биік жері 803 м.Тау массиві тас көмір жүйесі мен протерозойдың гранитті интрузивтерінен түзілген.
Ақмолада
Өлеңті өзенінің сол жағалауында орналасқан тау. Ақмола облысы Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде. Абсолюттік биіктігі 440 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 9-10 км, ені 2-3 км доға тәріздес созыла орналасқан.
Айғыржыққан өзені
Сайрам-Өгем тауларындағы өзен. Диқанкөл ауылының қасында. Төлеби ауданы ОҚО.
Айғырұшқан
ОҚО, Арыс ауданы, Қожатоғай ауылы аумағында орналасқан ежелгі қорым. Қожантоғай ауылының солтүстік-шығысына қарай 30 км жерде. Айғырұшқан тауының үстінде. 2004 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің және Шымкент қалалық археологиялық және этнологиялық экспедициясы зерттеген. Айғырұшқан тауы солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Тау үлкен екі бөліктен тұрады.
Ақбайтал асуы
Семей облысы, Абай ауданындағы асу. Жаугершілік заманда жоңғарлар жылқыны қайырып алмақшы болады, жылқы ішінен бір ақ байтал бөлініп шығады да биік асуға тартады, жоңғарлар асудан асуға батылдары жетпейді. Асу содан Ақбайтал атанған дейді.
Арқат (арық ат)
ШҚО Абай ауданындағы жер аты. Аңыз бойынша Қозы-Көрпеш Баян-сұлуды іздеп бара жатқанда аты болдырып, сол жерде атын демалдырған, жайылттқан. Арық ат болып аталғаны содан екен-мыс.
Атбасар
Іргетасы 1845 жылы қаланған. 19 ғасырдың 40-50 жылдары өзі аттас округтың, 1869 жылдан Ақмола облысы Сарысу уезінің орталығы болды. Қазан төңкерісіне дейін мұнда жыл сайын Атбасар (Петров) жәрмеңкесі өткізіліп тұрды. 1928 жылдан аудан орталығына айналды. Ақмола-Қарталы (Ресей) темір жолының салынуы (1940) қаланың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасады. Ұлы Отан соғысы кезінде сырттан көптеген тұрғындар мен бірнеше кәсіпорын көшіріп әкелінді. Тың жерлердің игерілуі қаланы ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін ірі кәсіпорын орталығына айналдырды.
Атжайлау жайлауы
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылының тұсындағы Қоңыртөбе тауындағы жайлау.
Атжарған
Моңғолия Баян-Өлгий аймағына қарасты Дэлүүн ауылынадағы жайлау. Жалпыхалықтық болмаса да жергілікті тұрғындар осылай атап кеткен атау. «Атжарған» — күзгесалым жердің қасиеті, құнарлығына байланысты жылқы малының жыра сала тойынған уақытында кенеттен үріккенде, семіздіктен жарылып өліп кеткен жағдайлар болады. Жер атауы соған орай пайда болған.
Атшабар базары
Тараздағы орталық алаңның бұрынғы атауы
Белдік көтерген
ШҚО Марқакөл Ақбулақ ауылдық окурігіне қарасты Ақбулақ ауылы мен Майтерек ауылынын ортасында «Белдік көтерген» деген жер бар. Майтеректен атшанамен шыққанда сол жерге дейін мөлшері 10 шақырым өр болғаннан кейін аттың белдігін түсіріп, ол жерден ары Ақбулаққа дейін жер еңіс болғандықтан аттың белдігін көтереді. Сондықтан ол жер «Белдік көтерген»аталады
Биесимас
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы ауыл, Сарыарқа ауылдық округі құрамында. Аудан орталығы — Аягөз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 74 км-дей жерде.
Бозайғыр
Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық округтің орталығы. Іргесі 1890 жылы қаланған. Аудан орталығы —Шортанды кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 30 км, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 км жерде, Бозайғыр көлінің оңтүстік жағасында орналасқан.
Бозайғыр көлі
Ерейментау ауданындағы тұзды көл. Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Аумағы 60 га, ұзындығы 1 км, енді жері 0,5 км. Көлдің қазаншұңқыры анық байқалады, ағынсыз. Негізінен қар суымен толығады. Жаз айларында Бозайғырға су құстары ұшып келеді.
Буырыл байтал
Жамбыл облысы мен Алматы облысынын шекарасындағы жер атауы. Алматы-Астана тас жолының бойында Ақши елдімекенінен кейінгі 17-27 шақырым арасында. Балқашқа қарай.
Көкалат
Қостанай облысы, Жангелдин ауданына (Торғай) қарасты елдімекен. Кенесары-Наурызбай бастаған көтеріліске қатысқан халық батырларының бірі Шəкір батырдың тұлпарының құрметіне қойылған.
Құлаайғыр
Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы –Абай қаласынан оңтүстікке қарай 26 км жерде орналасқан. Абай ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Құлаайғыр, Жаманжол, Ялта ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,7 мың адам. Орталығы – Құлаайғыр ауылы.
Құлынды даласы
Құлынды жазығы — Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігіндегі өңір. Ресей құрамында Қазақстан республикасының Павлодар облысымен шекараласады.
Құлынембес
Моңғолияда және Қытайдағы тау аты. Алтайдың Буыршын ауданына қарасты Құлынембес деген жайлау бар. Кезінде Қара Оспан жайлаған. Шөбі шүйгін болғаны сондай, жайылған құлын қайтып енесін емгісі келмейді екен. Сонда Құлынембес атанған.
Құлынжон, өзен, ауыл, кен
Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданындағы ауыл, Казнаков ауылдық округінің орталығы. 2013 жылға дейін «Казнаковка» деп аталды. Аудан орталығы — Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 77 км-дей жерде.
Өзен
Қалбатаудан басын алып, Ертыске құяды.
Кен орыны
Алтын қоры жөнінен әлемде 18-орын алады, ол, шамамен, 1800 тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда бізде 237 кен орны барланған болса, тек соның 60-қа жуығы ғана игерілуде.
Құлыншақ асуы
ОҚО Сайрам-Өгем тауларындағы асу. Диқанкөл ауылы маңында, Төлеби ауданында.
Мыңжылқы
Кіші Алматы өзенінің бастауында орналасқан шатқал. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 3000 – 3300 м биіктікте. Екі жағы тік жартасты, ұзындығы 4 км. Шатқалды Тұйықсу мұздығы қоршап жатыр.
Мыңжылқы шатқалы атынан көрініп тұрғандай қалың жылқы бақса сиятын үлкен шатқал. Шатқалда өзімен аттас жыл бойы жұмыс істейтін метеостанция бар. Оның жанына ішіне тас толтырылып, темір тормен тоқылған биіктігі 17 м, сыйымдылығы 0,23 млн. м3 селге қарсы бөгет салынған.
Бөгеттен Тұйықсу мұздығы циркінің бүкіл панорамасын көру мүмкін емес, өйткені шатқалдың жоғарғы жағын биік морена тастар жауып жатыр. Тек Орджоникидзе мен Тұйықсу шыңдары ғана көзге шалынады. Шатқалдың оңтүстік беткейінің солтүстік-шығысынан Йошкар-Ола шыңы көрінеді.
Мыңжылқы шатқалынан солтүстік бағытқа қарай, қыраттың оң жағындағы жол үстінен Йошкар-Ола шыңының жартасты мұнаралы менмұндалап тұр.
Метеостансадан соқпақ арқылы Амангелді және Пионер шыңдарының етегіндегі Мәншүк Мәметова мұздығының циркінде орналасқан «Альпинград» деп аталатын танымал тұраққа жетуге болады. Сол жерден Тұйықсу мұздығының орталық бөлігі мен Локомотив, Зоя Космодемьянская (Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген тұңғыш әйел), Молодежная, Титов шыңдары орналасқан Құмбел сілемінің панорамасы көрінеді. Құмбел сілемінде үш асу бар: Құмбелсу шатқалына апаратын Локомотив және Молодежный асулары мен Горельник шатқалына апаратын Титов асуы.
«Альпинград» тұрағынан Пионер және Учитель асулары арқылы Сол Талғар өзеніне құятын Саурықсай өзеніне су беретін Богданович мұздығына жетуге болады. Мәншүк Мәметова асуы Сол Талғардағы «Солнечная поляна» алаңына шығараы. «Альпинград» тұрағынан Амангелді шыңына , Пионер-Учитель, Панфиловшы батырлар (28 гвардейцев-панфиловцев), Мәншүк Мәметова, Антикайнен массивтеріне шығауға болады. Одан әрі де кеңінен танымал №6 морена көл бар. .
«Альпенградқа» апаратын соқпақтың жоғарғы жағында, оң жақ беткейдегі жартас пен Тұйықсу мұздығының жыныстары арасында «Ташкент» және «Қара тас» дейтін тағы да екі тұрақ бар. «Ташкент» тұрағы – қалың шөп басқан, жел өтпейтін шағын алаңқай. Сол себепті бұл жер Ташкенттегідей жылы болады. Жоғарырақ тұрған «Қара тас» тұрағы сол жердегі үлкен қара тасқа байланысты аталған. Осы тұрақтардан басталған асулар Кіші Алматы сілемінде орналасқан Тұйықсу мұздығына шығарады
Мыңжылқы құдығы
Шамамен 18 ғасырда қазылған. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысыТарбағатай ауданы Құрайлы даласында. Мыңжылқы құдығы – қазақ даласындағы теңдесі жоқ гидротехникалық құрылыс үлгісі. Мыңжылқы құдығының кіре берісі кеңдігі 20 – 25 м арық ретінде қазылып, әр метр сайын 10 см-ге тереңдей беретін каналға айналған. Өзен 400 м жерді төмендете қаза келіп, 40 м тереңдегенде жер асты суына жетеді. Құдықтың айналасын кірген мал су ішіп, айналып шығатындай кеңейте қазып, түбін тереңдете тазартып, кішкене көлшік жасаған. Суға баратын канал жолы кең, 5 – 6 жылқы жоғары-төмен қатарынан еркін түсіп, көтеріліп, өз бетімен су ішіп, кіріп-шығып жүреді. Күні бойы мыңдаған жылқы ілгерілі-кейінді су ішіп шыға алады. Ел аузындағы аңыздарда бұл құдықты Қабанбай батырдың жасағы жорық алдында аялдау үшін қаздырғандығы туралы айтылады. Осы шөл даладағы құдықтан түз тағылары мен жыртқыш аңдар да бір-біріне зиян тигізбей, шөлдерін қандырады-мыс. Айналасы 30 – 40 км жерде өзен, су, елді мекен жоқ шөлді сары даладағы құдықтың шаруашылық және әскери-стратегиялық маңызы зор болған.
Сары ат сойған
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауылы жақтағы жер атауы
Тай атқан шұнақ
Қарағанды облысындағы жер аты. Бұл жерге әйгілі Ағыбай батыр жерленген.
Тайбай
Акмола облысы Ерейментау ауданындағы көлдің аты. Бұрынғы кезде бір бай болған екен. Сол байдың тайы көлге батып кетіп, содан бастап сол көлді де, ауылды да «Тайбай» атап кеткен.
Тайбаққан
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ласты ауылы мен Асусай ауылының ортасындағы өзен аты.
Тайжүзген
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандағы өзен. Ұзындығы — 52 км, су жинау алқабы 289 км². Тарбағатай жотасының шығыс беткейінен басталып, Қарасуат елді мекені тұсында тартылып қалады. Аңғары тар, терең.
Тайкеткен бөгеті
Атырау облысы Жылыой ауданында Жем өзенінің тармағы – Тайкеткеннің арнасына салынған. Жалпы ұзындығы 12 км, тереңдігі 16 м. Суының көлемі 123 млн м3. Орташа жылдық су ағымы 1,9 м³/с, ең көп су ағымы (4,11 м³/с) көктемде болады
Тайсойған полигоны
Бұрынғы КСРО Қорғаныс мин-лігі мен Атом өнеркәсібі мин-лігінің сынақ аймағы. Полигон 1952 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында қүрылған. Сынақ ауданының жалпы аумағы 7,5 мың км², зымырандардың түсу ауданының аумағы 12,55 мың км². Полигонды стратег. мақсаттағы зымырандық әскери бөлімдер және әскери-әуе күштерінің бөлімдері пайдаланған.
«Тайсойған» полигоны сынақ жұмыстарының түріне қарай 3 телімге бөлінген. 1-телімде («Мақат» алаңында) 40 жыл ішінде әрқайсысы 5,3 т болатын 300-дей СС-20 баллистик, зымырандар сыналды. Зымырандардан қалған аса қауіпті деп саналатын 600 кг-дай жанармай (НДМГ) және 1200 кг-дай азотты тотықтырушы (АК-27И) заттар сол аймақтағы 100 км²-дей жерді ластаған; әскери техника мен құралдардың 1,5 мың г-дай сынықтары әлі жатыр. 2-телімде, 929 — жазғы сынақ алаңында (ГЛИЦ) әскери-әуе күштері Сағыз өз-нің батысы мен Үшоба а-ның солт-нде сынақтар жүргізген. 3-телімде қанатты зымырандар 1991 жылдың қыркүйек айына дейін сыналған. Мұндағы сынақ жұмыстары Сағыз өзенінің шығысында жүргізілді. Бұл жерлердегі әскери техниканың сынықтары 2000 т-дай және зымырандардан қалған аса қауіпті жанармай қоршаған ортаға қауіп төндіруде.
Полигон аймағында жанармайдың әсерінен пайда болған улы заттар топырақ пен өсімдіктер жамылғысын, жануарлар мен су құбырларын ластады. Су құрамындағы қорғасын, кадмий, талий, мыс және темірдің мөлшері шектеулі деңгейден 10-15 есе жоғары болған.
Сонымен қатар зымырандар түскен жерлердегі топырақ құрамындағы көптеген элементтердің (қалайы, магний, кальций, марганец, хром, сынап, қорғасын, кобальт, т.б.) мөлшері айтарлықтай жоғарылаған. Қызылқоға ауданындағы қоршаған ортаның ластануынан жергілікті түрғындар арасында өкпе, жүрек, қан тамырлары мен қатерлі ісік аурулары жыл сайын көбейіп отырған. Нәрестелердің өлі тууы, 1-2 жастағы сәбилердің өлімі жоғарылаған
Тайсойған құмы
Атырау облысының солтүстік шығыс шетін алып жатқан құм. Каспий маңы ойпатыныңоңтүстік Орал алдының көтеріңкі оңтүстік-батыс қиыр шетін және Жем үстіртіне ұштасатын өңірін алып жатыр.Ойыл өзенінің, әсіресе оның саласыЖарыпшыққанныңғасырлар бойы өзі өтетін аймақтардан шайып әкелген жыныстар шөгінділерінің шоғырынан қалыптасқан.
Жалпы ұзындығы 83 км-ге жуық, ені 40 км, ауданы 2400 км². Адырлы-қырқалы, кейде құмды-шағылды келеді. Өңірінін климаты куаң континенттік; каңтардың орташа температурасы — 13,8 С, шілдеде 24,4 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 180 мм, 1- 2 м. тереңдіктен ыза сулы қабат кездеседі. Қуаң құмды жерге бейімделген шөптесін өсімдік бітік өседі. Тайсойған — Атыраудың ежелгі мал жайылымы.
Торыайғыр тауы
Іле Алатауының шығыс сілеміндегі тау. ШарынжәнеШілікөзендерінің су айырығында. Ең биік жері – Қарағайлы тауы (2469 м). Батыстан шығысқа қарай 42 км-ге созылған, ені 10-12 км. Солтүстігінде Сөгеті аңғары, оңтүстігіндеЖалаңаш аңғарыорналасқан.
Кезінде елге жау шапқанда сол өңірде малшының жалғыз торыайғыры ғана қалыпты. Содан бастап ол тау — Торыайғыр тауы деп аталыпты
Торықасқа ат
Шығыс Қазақстан облысы Маркакөл өңіріне қарасты Ақбулақ ауылы маңындағы тау аты. Сарытау тауының теріскейі. Ертеде торы қасқа ат жайлаудан күзеуге көшерде ауырады да, оны жайлауда тастап кетеді. Ендігі жылы халық жайлауға көшіп барса, торы қасқа ат Сартаудың теріскейінде аман-есен жайылып жүрген. Содан «Торықасқа ат» аталған.
Тұлпар ізі
Баян-Өлгий аймағы, Улаанхус (Қызыл қайың) ауылының Белқұдық жазығында Тұлпарізі деген жер бар. Таудың төбесінен қарағанда алып тұлпардың шауып өткен тұяғының ізі көрінеді. Мұны жұрт Әзіретәлінің тұлпарының ізі деп аңыз қылады.
Шабат
Бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Арқат, Мамай ауылына барар жерде ұзын да, жалпақ қырат бар сол қырат Шабат деп аталады. Бұрындары сол қыраттан үлкен ат жарысы болған дейді.
Шегіртай өзені
Моңғолия Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн ауылындағы өзен. Өзенге Шегір тай батып өлген көрінеді кезінде. Жұрттың айтуынша. Сол себепті «Шегіртай» аталған дейді. Тағы бір аңыз бойынша Қобда бетіне алғаш келген қазақтар ұраңқайлардан жер сұрап барғанда, олар бір шегір тайды сойып, соның терісінен таспа етіп тіліп, сол таспаның жеткен жеріне дейін өлшеп берген деседі
Шұбарайғыр
Қарағанды облысы, Шет ауданы Босаға елді мекеніндегі жер атауы. Бұл Шұбар айғыр Керейдің Шұбар айғырына қатысы жоқ. Қазақ кезінде жақсы баласын, жарамды жылқысын дəріптеген ғой. Шұбар айғыр байдың ерекше айғыры, малының басы болған.
Шідерті өзені
Ертіс-Қарағанды каналыжүйесінде. Ұзындығы — 502 км, су жиналатын алабы — 11,7 мың км2. Молодежный кенті тұсынан канал суы Шідерті арнасымен ағады. Мұнда шоғырланған бөген су тораптары құрылып, канал бойында 13 бөген салынған (жалпы ауданы — 250 км2).Ертісөзенінен қосымша су алады. Суының минералдылығы орташа. Мұзықазанайының аяғы менқарашаайының басында қата бастайды,сәуір,мамырайларында түседі. Асан қайғы Шідерті өзенін көргенде:
«Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен», — депті.
(Оқырмандарға бұл толық нұсқа емес екенін, алдағы уақытта толықтырыла түсетінін ескертемін)