Бұдан былай көкпар ежелгі дәстүрмен ойналады

5590

Бұл туралы Елордада өткен ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының «Көкпар» ойының әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған халықаралық семинар-кеңесінде көкпар ойынының ережесіне өзгертулер енгізу барысында айтылды.

Семинар барысында көкпар ойынында тартылатын серкені басқа заттан жасау, көкпар алаңына жаңадан айып алаңын белгілеп, офсайд аумағын анықтады. Сонымен қатар төрешілердің міндеттері мен көкпар алаңының қандай болу керектігі талқыланды.

Осы орайда Моңғолиядағы Қазақ көкпар федерациясының төрағасы Ром Әуезхан көкпар ойынының негізгі философиялық мәніне тоқтала келе көкпар ойынының серкесін қазіргі замандағы командалық ойындарға ұқсатып, қарсы команданың қазандығына салу қате екенін айтты.

«Бұл үрдіс бертінгі уақытта пайда болған. Ал дәстүрлі көкпардың пәлсапалық негізіне үңілер болсақ, әр ауылдың жігіттері жиналып келіп, серкені өз ауылына әкету үшін тартысқан. Жеңгендері серкені өз ауылына әкететін болған. Ал біз футболды, хоккейді, т.б. қарсыластық ойындарды көп керіп, соған бейімделіп кеткенбіз. Осыдан былай әр команда көкпар серкесін өз қазандығына салу үшін, ал қарсыластары салдырмау үшін ойнаулары керек» – дейді Ром Әуезхан.

Семинарға қатысып отырған ұлттық спорттың жанашырлары бұл ұсынысты бір ауыздан құптап, дала заңына, халық философиясына негізделген ойынды қайта қалпына келтірді. Алдағы уақытта көкпар ойыншылары командалық салымды өз қазандықтарына салатын болады.

argymaq.kz

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
holiganbet7746bahis sitelerien iyi bahis siteleri yasaldeneme bonusujojobetgranpashabet güncel girişgrandpashabet girişgrandpashabet girişGrandopashabetgrandpashabetkumar sitelerikumar sitelerijojobetjojobet girişjojobetjojobet girişGrandpashabet güncel girişGrandpashabetbahis sitelerigüvenilir bahis sitelerikahraman haberjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişgrandpashabetjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişgiftcardmall/mygiftextrabetextrabet