2017 жылы тамызда көкпардан әлем чемпионаты өтеді

5586

ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы «Көкпар» ойының әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Ондағы басты мәселе 2017 жылы Елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме қарсаңында Астанада «Көкпардан» әлем чемпионатын өткізу. Соған орай қазіргі қолданыстағы көкпар ойынының ережелеріне бірқатар өзгертулер енгізді.
Көкпардан 2013 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ашық Азия чемпионаты ұйымдастырылып, Түркия, Ресей, Венгрия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды бас-аяғы он бір мемлекеттің спортшылары арасынан қазақ көкпаршылары үздік шығып, Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, елімізде өткізілген ұлттық ойындардың ешбірін көкпар ойынымен салыстыруға, шендестіруге келмейді. Мысалы, өткен бір жылдың ішінде командалық көкпардан 110 мәрте, жаппай көкпардан 420 мәрте бәсеке ұйымдастырылған. Бұл мәлімет көкпар ойынының елімізде бұқаралық спорт деңгейіне жеткенінің айқын дәлелі.

«ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бүгінгі семинар-кеңесті өткізудегі басты себебі 2017 жылы елімізде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Осы көрме өтетін күндері Астана қаласында Көкпардан Әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Және осы додаға көкпар ойыны дамыған, осыған (көкпарға – ред.) ұқсас ойын түрлері бар елдерді шақырып оытрмыз. Соған орай Көкпардың халықаралық талапқа сай ережесін бектіпекпіз» — дейді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан.

Бұл жарысқа қатысуға қазірдің өзінде жиырмаға жуық ел ынта білдіруде. Бүгінгі «Көкпар» ойының әлемдік деңгейде дамыту мәселелері тақырыбындағы халықаралық семинар-кеңеске Венгрия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан сынды көптеген мемлекеттердің ұлттық спорт мамандары арнайы шақырылған. Сонымен қатар Әлем чемпионатының өтетін уақыты да белгіленіп қойыпты.

«Алдағы жылы еліміз үшін ерекше жыл болғалы тұрғанын баршаңыз білесіздер. Соған орай өтетін мәдени, рухани, спорттық шаралардың уақыты да белгіленіп қойған. Көкпардан әлем чемпионаты 25-28 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланып, қаржысы қарастырылып қойды» — дейді ҚР Мәдениет және спорт минстрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт басқармасының басшысы Мақсат Қойшыбаев.

Семинар барысында бұған дейін көкпар ойынын өткізіп келген ережеге халықаралық талаптарға сай өзгертулер енгізілді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.