Кәп ҚҰМАРҰЛЫ. БОЗТАРЛАН (өлеңдер)

15018

Су төгілмес, майда қоңыр,майталман,
Қашағанды жорғасымен қайтарған.
Күдір жота, жазық сауыр,тартық бел,
Кең тынысты жылқы еді Бозтарлан.

Түскенде еді, талмай ірі жарысқа,
Жері жетсе, сілтейтін-ді алысқа.
Топтан дара, суырылып шығатын ,
Өршеленгіш жануар-ды намысқа.

Талғамай басатын-ды құмды жерді,
Талықпай асатын-ды өрді белді.
Бір томар жүйрікке де деген осы,
Бұғанда бір егестің кезі келді.

Той болды бір атақты ұлы дүбір,
Тең басар тентек жорға келген не бір.
Тарланнан бір ат озды, келді екіде,
Қисынсыз оқиға еді болған ол бір.

Озған ат шалдыр ,шабыс тең жорға емес,
Көргендер ат жүрісін етті кеңес.
Асырып, арсыздығын озған болды,
Ар-ұят, арсыз үшін дәнеңе емес.

Бағынбай бәсекеде қойған шартқа ,
Именіп жүгінбеді ол ұятқа.
Пәленнің аты келді десе болды,
Күлкілі болдым демес жамағатқа .

Арсақтап әділеттен аумасада,
Өнердің өрнектісін таңдасада.
Озған, озбыр өнерге санаған жоқ.
Бозтарлан жорғасынан танбасада.

1969.ж. Өлгей.

АТТЫҢ СЫНЫ

IMG_0878Елік бас, теріс азу, елең құлақ,
Өр кеуде, бөкен танау, құлан сирақ.
Тік бақай қысқа біткен, берік белді,
Тұяғы кер құланға бітер тұяқ.

Құс топшы, барыс сүбе, жылан бауыр,
Бота көз, күдір жота, киік сауыр.
Кең құрсақ, жібек сіңір, сілбісі кең,
Аршын төс, бүркіт қабақ, мінезі ауыр.

Жез бақай, тесік өкпе, алма мойын,
Кең сағақты, серке сан, желкесі ойдым.
Білеуленіп бұлшық ет бөлек біткен,
Арасы алшақ жатыр қалбағайдың.

Тар мықын, тартық жонды, талтақ бұтты,
Жарағаны сүмбедей сұлу сыртты.
Шашалығы сіңірлі, тік тілерсек,
Мыңнан біреу шығады мұндай жылқы.

Біраз жыл атбегілік өмір сүріп,
Қызығын мұндай аттың көрдім мініп.
Талай кез таң асырып жануарды,
Суытып отқа қойдым сілкіндіріп.

Жандай боп басылмаған ет қызуым,
Сағынған кездерім көп ат қызығын.
Көңілім әр қашанда қалап тұрар,
Аламан ат бәйгесін өткізуін.

1992 жыл

ЖЫЛҚЫ

100_4802Ер қанаты атайды,
Болса мықты нағыз ат.
Үйірін шет шығармас,
Айғырлары азынап.

«Саумал ішсең қымыз жоқ»,
Жылқышы ата сөзі бұл.
«Байтал мінсең құлын жоқ»,
Еркін жүрер кезі бұл.

Дөнен жылы күшейді,
Сұлулаған дұрыс-ақ
Құнан жылы тісейді,
Күтімге ал, дұрыс бақ.

Жазды күнгі құлыншақ,
Келер қыста жабағы.
Мама бие құт, сүтті
Жылда құлын табады.

ҚҰЛЫНШАҚ

100_4618Құлдыр-құлдыр құлыншақ,
Құлдырайсың шабасың.
Күлдір-күлдір кісінеп
Қайда кетіп барасың.

Ертең тұлпар боласың,
Аламанға шабасың.
Берейінші тағалап,
Атаңның ай тағасын.

ЖҮЙРІК МІНІП ШАБАМЫЗ

F201107181434499246700406Біз шабандоз баламыз,
Жүйрік мініп шабамыз.
Баптап берген әйгілі,
Атбегі ғой ағамыз.

Жөнелеміз құйын боп,
Зымырайды құйын көк.
Құлағында ойнаймыз.
Қорықпаймыз қиын деп.

Тер шығады құлақтан,
Шаң шығады тұяқтан,
Артта қалу ар тіпті,
Қызарамыз ұяттан.

Күші басым өктемге,
Қатарласа кеткенде.
Қолтық еті созылар,
Жер ортадан өткенде.

Тоқым қысып қаламыз,
Байқап қамшы саламыз.
Көсіледі жануар,
Желқұйындай ағамыз.

Асып асу күдірден,
Нағыз жүйрік жүгірген.
Тосқан елді көргенде,
Құлақ тігіп бүгілген.

Қамшы тиген сауырдан,
Тер тамшылап бауырдан.
Есеп болмай қалады,
Шаршаған мен ауырған.

Жайнап көзі танадай,
Қиналғанға қарамай.
Көп көңілін қуантып,
Топты келіп жарады-ай.

Бәйге келіп тоқталар,
Адамдар көп топтанар.
Алғыс айтып ақсақал,
Озған жүйрік мақталар.

Алып берген бәйгені,
Шабандоз деп әйгілі.
Мақтау алған баламыз,
Жүйрік мініп шабамыз.

Aktan-005Кәп Құмарұлы

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!