Елімізде көкпардан ІІ Әлем чемпионаты өтеді

564

«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» хабарлауына қарағанда, жарыс биыл Түркістан қаласында өтеді.

«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығына» қарасты ұлттық спорт түрлерінен халықаралық жарыстар басталып жатыр. Түркістан облысы, Түркістан қаласында 15-21 наурыз аралығында Көкпардан ІІ Әлем чемпионаты өтеді – делінген хабарламада.

ҚР Көкпар федерациясының мәліметінше қазіргі таңда 10 мемлекет қатысады деп жоспарланған. Алайда нақты қай мемлекеттер қатысатыны және қай ереже бойынша өтетіні туралы нақты айтылмады.

Естеріңізде болса, 2017 жылы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында тұңғыш Әлем чемпионаты өткен болатын. Финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары кездесіп, ел құрамасы айыр қалпақты ағайындардан 3:1 есебімен басым түскен болатын. Бұл сайысқа АҚШ, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Әзербайжан, Ауғанстан және Қазақстан құрамалары қатысқан болатын.

2020 жылы көкпардан ІІ Әлем чемпионаты өтетіні туралы айтылып, кейін белгісіз себептермен өтпей қалған еді.

Argymaq.kz

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
holiganbetjojobetgrandpashabetcasibomcasibomcasibomcasibomjojobetholiganbetholiganbetmarsbahismarsbahisPusulabetjojobetescort damesjojobetjojobet girişhuhubetMarsbahis GirişsekabetjojobetCasibomcasibom girişbetgarantijojobetjojobetjojobet girişsekabetmarsbahismarsbahis girişjojobet girişjojobet girişJojobetMarsbahis