Түркістандағы жаңа ипподром

772

Көкпардан Әлем чемпионаты жаңа салынған көпфункциялы Түркістан атшабарында өтіп жатыр.

Кешеннің аумағы 99,5 гектар. Мұнда 1500 орындық үш қабатты трибуна, конкурға арналған жабық манеж, аттарға арналған жабық және жаздық қоралар, ветеринариялық блок пен зертхана бар.

Ұзындығы 2640 метрлік бәйге жолы мен көкпар алаңы халықаралық талаптарға сай салынған. Көкпар алаңында тікелей көрсетілім жүргізетін LED экран орнатылған.

Түркістанда салынып жатқан әлемдік деңгейдегі көпсалалы атшабарда ең алғашқы жарыс – Көкпардан ІІ әлем чемпионаты.

Бұл кешенде спортшыларға барлық жағдай жасалған. Тіпті жокейлер жататын бөлме бар. 21 наурызда әлем чемпионатының ақтық ойындарымен қоса Түркістан облысының Наурыз тойы өтеді. Айтулы іс-шарада атшабардың ашылуы болып, нысанды бізге өткізіп кетеді деп ойлаймыз, – дейді Көкпардан ІІ әлем чемпионатының бас төрешісі Жанысбек Саев.

Осы орайда Түркістан ипподромына қатысты Зауыттық жылқылар палатасының директоры Талғат Жайсаңбаевтың пікірін бере кетуді жөн көрдік.

Қазіргі таңда Қазақстанда халықаралық деңгейдегі ипподром жоқ. Мұндай мәртебені тек IFHA ғана бере алады. Оны алу үшін алдымен IFHA талаптарына жауап беру керек, олар көптеген параметрлерді қамтиды: дорожканың қауіпсіздігі, қоршаулардың қауіпсіздігі, кесу аймақтары, ветеринарлық клиника және заманауи жабдықтар: пневматикалық басқарылатын старт-машина (Алматы ипподромында ескі механикалық бокс емес), таймермен синхрондалған, лазерлік мәре сызығы және т.б. Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық ипподромдардың ішінен тек Астана ипподромы ғана бұған қол жеткізді. Түркістан ипподромы көкпарға қолайлы шығар, ол сөзсіз, бірақ оны халықаралық деңгейдегі ипподром деп атауға болмайды. Білгенімізді анық айтайық, өйткені бәріміз ат спортында жүрміз, бізден шығатын ақпарат нақты болу керек – дейді кәсіби маман.

Естеріңізде болса, бұған дейін Түркістан қаласында заманауи ипподром ашылатыны туралы хабарлаған болатынбыз. Бізге жеткен деректерге қарағанда, атшабардың ашылу салтанаты 21 наурыз күні өтуі мүмкін.

Argymaq.kz

ФОТО: Мақсат Шағырбай

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
casibom girişelektronik sigarajojobet girişjojobet girişjojobetjojobetjojobet girişjojobet girişJojobetbycasinobullbahisjojobetMarsbahisdeneme bonusuholiganbetbetkomcasibom girişdeneme bonusu veren sitelerRadissonbetbycasinotambet girişbetkomHoliganbetMadridbetjojobet girişjojobetjojobetjojobetjojobet girişjojobet girişjojobetjojobetsetrabet girişholiganbet girişholiganbet girişjojobetjojobetjojobet girişjojobet girişbetkomcasibom