Топ бәйгеде алғашқы бес орынның төртеуі Алматы облысына бұйырды (ФОТО)

5692

Астана қаласының 20 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалі аяқталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы және Ұлттық және ат спорты орталығының ұйымдастыруымен өткен фестивальдің қорытынды сайысы бүгін Астана іргесіндегі «Қазанат» атшабарында өтті.

Сонымен бұған дейін хабарлағанымыздай 25 шақырымдық аламанда Алматы облысынан келген Қаратау атты сәйгүлік бірінші орынды иеленді.

Енді назарларыңызға 16 шақырымға созылған топ бәйгенің жүлдегерлерін ұсынбақпыз.

І орын – Лашын. Алматы облысы Үшқоңыр ауылынан келген таза қанды төрт жасар жирен айғыр. Шабандозы – Шаршенбаев Ербол. Ат иесі — Құрманәліұлы Нұржан, бапкері — Ақтасов Ержан. (3 млн 500 мың)

ІІ орын – Қарашаш, Алматы облысы Қарасай ауданынан келген ағылшын тұқымды қара дөнежін. Шабандозы — Ақжол Жұматай, ат иесі — Алинұр Назарбаев, бапкері — Ноғаев Бақытжан. (1 млн 500 мың)

ІІІ орын – Қарақұс, Алматы облысы Қаратал ауданынан келген таза қанды қаракер құнан. Тізгіндеген аламанда бас бәйге алған Қаратаудың шабандозы — Жексенбі Алдияр. Ат иесі — Смайлов Жеңіс, Жексембиев Бақытжан, бапкері — Табулдиев Нуржігіт. (750 мың)

IV орын – Шагал, Ақмола облысы атынан топ бәйгеге қатысқан таза қанды күрең құнанның жалында ойнаған шабандозы — Аманжол Аян. Ат иесі — Оразбаев Нариман, бапкері — Биназаров Дастан. (500 мың)

V орын – Көкдауыл, Алматы облысы Жамбыл ауданынан келген таза қанды көк құнанды Бақытжан Садуақас тақымға басқан екен. Ат иесі — Омаров Ұлан, бапкері — Ноқтай Әділет. (200 мың)

Топ бәйгеде барлығы 28 ат бақ сынады.

argymaq.kz

(Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!