Алматыда атбегілердің жиыны өтеді

3416

1 желтоқсан күні Алматы қаласында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен еліміздегі тәжірибелі атбегілер бас қосқан жиын өтеді. 

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы республика көлеміндегі таңдаулы атбегілер бас қосқан Алматы қаласындағы жиында талқыланады.

Білікті атбегілер Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Ұлттық спорттың жандануына, оның ішінде бәйге саласының қарқынды дамуына көптеген мүмкіндіктер тудырып тұрғанын айтуда. Сондықтан, олар осы мүмкіндікті өз уақытында тиімді пайдаланып, тиісті орындарға ұсыныс жасауды мақсат тұтқан. Атбегілер өскелең ұрпаққа Ұлттық спорт арқылы ұлттық мәдениетімізді танытуға,  насихаттауға болады деп есептейді.

Атбегілер жиынына ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, ҚР Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан төрағалық етеді. Осы басқосуда ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының бәйге спорты бойынша басшылық құрамына өзгерістер жасалады.

Жиын өтетін орын: «InterContinental Almaty» қонақ үйі (бұрынғы «Анкара» қонақ үйі), Желтоқсан, 181.                                                   

 Байланыс үшін: +7 707 810 07 99

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!