Ел чемпионаты. Аударыспақтан Түркістан облысы чемпион атанды

2730

Кеше ауа райының қолайсыздығына орай кейінге шегерілген аударыспақтан командалық сайыс бүгін өтті.

Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Алматы облысы, БҚО және Түркістан облысы командалары өзара мықтыны анықтады. Олар чемпионат ережесіне сай 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Сайыс жеңімпаздарын атамас бұрын, әуелі аталған облыстардың палуандарымен таныс болыңыздар.

Ақтөбе облысы

Қуанышбек Бексұлтан
Серғазин Азамат
Ержанов Шыңғысхан
Төребек Балтабек
Бектұрсынов Алшынбек
Сүйеубаев Алтай
Сағынбаев Арман
Жаналин Әділжан

Қызылорда облысы

Назаров Еркебұлан
Оразбек Бекмұрат
Файзулла Әбдінасреддин
Икрамов Жақып
Жалимбетов Жасұлан
Қуандық Мұратхан
Исабек Ерсұлтан

Алматы облысы

Ахметжан Бақкелді
Рахатов Жандос
Рақымкелді Ердәулет
Тұнғатар Ескендір
Тезекбаев Мұратәлі
Қанаев Ғабит
Мұсаев Берік

БҚО

Тұяқов Нұркен
Аронов Бейбіт
Иманғазыұлы Нармағамбет
Серіков Қолқанат
Сағындықов Қайырбек
Русланов Елдар
Бақтыгерей Дәурен

Түркістан облысы

Түзелбек Бақдәулет
Данай Бекзат
Ерген Айдос
Байғонов Ерназар
Айтбай Жасұлан
Рахматіллә Есімхан
Жұмалиев Түймебек
Қосалиев Біржан

Ойын шарты бойынша палуандар командалық ұпай жинау керек. Яғни, жеңген палуанның жеңісі команданың ұпайы ретінде саналады. Жарыс қорытындысы бойынша:

Түркістан облысының құрамасы — І орын, БҚО құрамасы — ІІ орын және Ақтөбе облысының командасы — ІІІ орынға ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аударыспақ спорты бойынша ел чемпионатының жеңіл салмақтағы және ауыр салмақтағы жеңімпаздары анықталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, жеңімпаздар кеше марапатталған болатын.

Осымен Аударыспақтан Қазақстан Республикасының ХХ чемпионаты аяқталды.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!