Ел чемпионаты. Қостанай құрамасы алматылықтарға жол берді

519

Бүгінгі көкпардан алғашқы ойынды өткізген Алматы қаласы құрамасы мен Қостанай облысының құрамасы аса тартысты ойын көрсетті.

Қос құрама да өз деңгейіндегі шебер ойын жасай білді. Қостанай облысы бұған дейін Алматы облысын 8:5 есебімен ұтса, Қарағанды облысына 7:6 есебімен есе жіберген болатын. Ал Алматы қаласы құрамасы 6:1 есебімен Қарағанды облысы жігіттеріне жол берсе, БҚО құрамасын 15:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Бүгінгі ойында қос команда тамаша тартысты ойын көрсетті. Дегенмен оңтүстік астананың жігіттері мықтылық таныта білді. Есеп – 4:1, Алматы құрамасының пайдасында.

Бұл құрамалардың бір-біріне деген мықты қарсылас болғанын ойын есебі алғашқы айналымның 15 минуты өткенде әрең ашылғанынан-ақ болжауға болады.

Есеп ашқан алматылық шабандоз Әбсеметов Ақтілек болатын. Ол екі салым салды. Ал Азатбек Думан мен Әлімбаев Шыңғыс бір-бір салымға қол жеткізді. Қостанай жігіттерінен бір салым салған – Сұлтан Оралхан болатын.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!