Көкпардан Түркістан облысының чемпионаты аяқталды (ФОТО)

2866

Ересектер арасындағы Түркістан облысының чемпионаты және «Зиябек Жеткеровтың» жүлдесіне арналған облыстық турнир аяқталды.

Сайрам ауданындағы Ақсуат атшабарында өткен бұл жарысқа облысымыздың кілең мықты шабандоздары қатысты. Аса тартысты өткен облыс чемпионатына 6 команда қатысып, бақ сынады.

Атап айтқанда,  Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек аудандарынан жүректі де білекті көкпаршылар өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында  Ордабасы ауданының құрама командасы бас жүлдені қанжығаларына байласа, Түлкібас ауданының көкпаршылары күміс жүлдені иеленді. Ал,  Қазығұрт ауданынан келген жігіттерге қола жүлде бұйырды.

Көкпардан КСРО-ның тоғыз дүркін жеңімпазы спорт ардагері  Əбілхан Дауылбаев бұл турнирдің маңызды екендігін айтты.

Бұл жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған облыстық спорт басқармасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы диплом, медальдарымен және  Зиябек Жеткеров ағамыздың  ақшалай жүлделерімен марапаттады.

Сондай-ақ «Үздік салымшы» номинациясын ордабасылық палуан Нұрлыбек Асқаров  иеленсе, «Үздік қорғаушы» атанған түлкібастық Мамыт Әділет көпшілікті өнерімен тəнті етті.

Кезінде көкпардан сынға түсіп, талай жарыстарды жеңіске жеткен Зиябек Жеткеров ұлттық спортымызды жастар арасында кеңінен өркендету керек екендігін  айтты.

Талай спортшылардың күш-жігерлерін сарапқа салған жарыста текті əрі үздік сəйгүліктер де анықталды. Атақты «Резви» «Үздік сәйгүлік» атанды. Ал, біраз жылдан бері төрешілік ететін Жанбатыр Бекмұсаев «Үздік төреші» номенациясымен марапатталды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.