«Соңғы салым». Әйгілі Намыскөк өлді (ФОТО/ВИДЕО)

7257

Түркістан облысы «Тұран» командасының белді аты, Көкпардан астанада 2017 жылы өткен тұңғыш Әлем чемпионатының чемпионы, 2019 жылы Алматыда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы, елге «Намыскөк» есімімен танымал көкпар аты өлді.

Ат иесі «Тұран» көкпар командасының жетекшісі, белгілі спорт жанашыры, Түркістан облыстық Ұлттық спорт мектебінің директоры Ғани Ахметбаев.

Намыскөк жайлы аңыз көп. Тіпті Ғани Ахметбаев бұл атты 1 млн долларға сұрап келгендерге бермегені жайлы айтады.

Намыскөктің алғашқы иесі – Нұрмахан Жолдасов. Нұрмахан өзі өмірден өтерде Намыскөкті сол кездегі Түркістан облысының командасы «Құлагерге» сыйға берген.

Намыскөктің бір ерекшелігі – жекпе-жектің нағыз мықтысы еді. Оның қанында Оров жорғасының қаны бар. Негізгі шыққан жері — Астана. Әкесі қазақы «Дәукөк» есімді айғыр, енесі Оров тұқымды бие. Тайында Қарағанды облысының шабандозы Нұрлан Намысов сатып алған болатын. Одан оңтүстікке барды. Басында сол Қарағанды өңірінің намысын қорғаған. 2017 жылдан бастап Түркістан облысының «Құлагер», қазіргі «Тұран» командасының қатарына қосылды. Намыскөк халықаралық додаларда Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті. Оның дақпырты Орта Азияға кеңінен тарады десек болады.

Намыскөкті аңызға айналдырған – оның жекпе-жектегі ақылдылығы еді. Ұшқырлығы мен күші, ақылы мен ептілігі, жекпе-жекте қарсыласына мүмкіндік бермес текетіресі, бәрі-бәрі сай келген жылқы.

Биылғы ХХІ Ел чемпионатында Намыскөкке белгілі шабандоз, командалық көкпарда да, жаппай көкпарда да елге танымал болған Абылайхан Нышанбеков мінген екен.

Ат иесі Ғани ағамызға, «Тұран» командасына қайырлы шығын болсын айтамыз!

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!