Шымкентте еліміздегі ең үлкен иппордом ашылды (ФОТО)

2238

Бүгін Шымкентте жаңа ипподром пайдалануға берілді. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында лентасы қиылған ипподромда Great Qazaq Games этнофестивалі өтіп жатыр.

Ипподромды BI Group құрылыс компаниясы салған. Сондықтан BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев ортаға шығып сөз сөйледі.

Бір жарым жыл бұрын Шымкент қаласына жаңа ипподром салып береміз, деп уәде еттік. Міне, Наурыз мерекесі қарсаңында сол уәдені орындап, ипподром құрылысын аяқтап, пайдалануға беріп отырмыз. Бұл еліміздегі ірі ипподром кешені болып отыр. Сенім білдіргендеріңізге рахмет, — деді Айдын Рахымбаев.

Жаңа ипподромның ашылу салтанатында қала әкімі Мұрат Әйтенов сөз алды.

Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық спортты дамытуға әсер беретін үлкен нысанның ашылуына куә болып отырмыз. Біріншіден, тек қаламыздың ғана емес, еліміздің ұлттық ат спортын дамытуға елеулі үлес қосатын осы ипподромды салып беріп, қалаға сыйлағаны үшін BI Group компаниясының басшылығына қала жұртшылығы мен өз атымнан үлкен алғыс айтамыз. Бүгінгі іс-шараға ел дамуына атсалысқан ақсақалдарымыз, түрлі сала өкілдері келіп отыр. Жалпы «Наурыз Шымкенттен басталады» деген мерекелік іс-шарамыз жыл сайын өтіп, тұрақты әрі дәстүрлі іс-шараға айналады, деп ойлаймыз, — деді М.Әйтенов.

Содан кейін BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев атшабардың символы тағаны қала әкімі Мұрат Әйтеновке сыйлады.

Шымкент қаласының жаңа ипподромы Бозарық елдімекенінде, ескі Алматы тас жолының бойында салынған. 1500 адам сыятын көрермендер трибунасы, ұзындығы 2 кмден асатын жарыс жолы, тамақтану орны, ат қорасы, ат аренасы, ветеринар кабинеті, 300 көлікке арналған автотұрағы, VIP-террасасы бар.

Ипподромның артықшылықтары:

— 39 га жерді алып жатқан кең аумақты;

— аттар мен шабандоздардың қауіпсіздігі үшін арнайы амортизациялық қоршаумен қоршалған ұзындығы 2012 метрге созылған ат жарыс жолын;

— 54 жылқыға арналған ат қора мен жазғы үй, киім ауыстыратын және ат спорты алаңы бар манеж, атпен қарғып өтетін және көкпар алаңдары, жылқыларды серуендетуге арналған 6 шалғын жер, ветеринарлық бөлімшені;

— ашық террасасы бар 1500 көрерменге арналған трибунаны;

— 340 көлікке арналған көлік тұрағы, қосалқы үй-жайлар мен 6 мыңнан астам егілген ағашты;

— кварц құмымен толтырылған алаңқайлар, табиғи тастар қойылған жеке жасыл аймақ, жас көшеттер мен күркелерді атауға болады.

Нысанды BI Group құрылыс компаниясы салды. 20 айда бой көтерген жаңа ипподром – Қазақстандағы ең үлкен ипподром.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.