Конкур. «Халықтар бірлігі» кубогы өтіп жатыр (ФОТО)

1009

Елордадағы «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде Қазақстан халықының бірлігі күніне арналған ат спортының конкур түрінен «Халықтар бірлігі» кубогына арналған гран-при жарысы өтіп жатыр.

Жарыстың жүлде қоры 12 000 000 теңге.

Мерекелік шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қалалық спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің жеткен жетістіктеріміздің түп қазығы – татулық пен бірлігімізде. Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Бейбітшілігіміз бекем, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын! Жыл басынан бері «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде осы ат спорты түрлерінен бірнеше жарыс өткіздік — деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Бұл сында еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды қаларымен қатар Алматы облысынан келген 50-ге тарта шалт қимылды, алымды да шалымды шабандоздар бақ сынады.

Көсіле шабар кеңістік болмаса да, көркем жүрісімен, көз сүйіндірер қарғысымен сынға түсер сәйгүліктер жарыстың алғашқы күні биіктігі мен күрделілігі бойынша 3 бағдары бойынша сынға түсті.

Ал, сайыстың екінші күні, яғни бүгін сағат 11:00-де жарыстың үшінші санаты – «6 жастағы жылқылар жарысы, 120 см-ге дейін», бесінші санаты – «12 -15 жастағы балалар санаты, 110 см» және «Халықтар бірлігі» кубогы, 130см» гран-придің алтыншы санаты бойынша кіл мықтылар анықталады.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарыстың жалпы жүлде қоры 12 000 000 теңге.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.