Варшавада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған ат бәйгесі өтті

5103

2016 жылғы 21 тамызда Мемлекет басшысының Польшаға сапары қарсаңында Варшавадағы Қазақстанның Елшілігі Польша Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп поляк елордасының Орталық ипподромында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған ат бәйгесін өткізді. Ат сайыстарында поляктардың иелігіндегі жүйріктер, сондай-ақ араб тұлпарлары қатысты.

Бұл шараға Польша Президентінің Кеңсесі, Премьер-министрі Кеңсесі, ауыл шаруашылық, сыртқы істер, даму министрліктері, дипломатиялық корпус, поляк қоғамы және БАҚ өкілдері, сондай-ақ тұңғыш ірі қазақстан-польша экономикалық форумына қатысушылар қатысты. Бұл күні ипподромда 4 мыңнан астам әуесқойлар болды.

Қонақтар арасында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрме туралы буклеттер таратылды. Қазақстан достары клубы мүшелері қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татты. Ат бәйгесі қорытындылары бойынша Елші жеңімпаздарға Елшілік атынан Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша сарайында озық шеберлер осы сайысқа арнайы жасаған жүлделерді тапсырды. Варшава ат сайыстарының тарихында олар ең басты сыйлық болып саналды.

Іс-шара поляк бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, әлемнің 30 елінде, соның ішінде Еуропа және Америка мемлекеттерінде, сондай-ақ БАӘ және Австралияда телекомпаниялармен келісім бойынша көрсетілді. Варшавада Елшілік өткізген ат бәйгесі Қазақстанның халықаралық алаңындағы беделін Тәуелсіздіктің 25-жылдығында әрі қарай нығайтуға айтарлықтай септік тигізгені рас.

mfa.gov.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.