ДКО. Бағдарламада қандай спорт түрлері бар?

966

2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Ауқымды шараға 100 елден 3000 спортшы қатысады деген болжам бар.

Спорттық бағдарламаның негізгі бөлігінде қазақтың ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары қамтылған.

Атап айтар болсақ, спортшылар «Асық ату», «Бәйге», «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Жамбы ату», «Дәстүрлі садақ ату», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Қазақ күресі» секілді ұлттық жарыстарда сынға түседі.

Сонымен қатар жыртқыш құстар мен басқа да көптеген аңшылық түрлерінен өнер көрсетеді. Көрмелік бағдарламада «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі бар.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына кіретін 10 федерацияның барлығы қатысады.

2023 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге, Садақ ату, Құсбегілік, Тоғызқұмалақ, Асық ату, Жорық қатарлы 10 федерация кіреді. Бұлардың барлығы ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытында жұмыс істейді.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.