Ел чемпионаты. Алғашқы күннің қорытындысы

1382

Биылғы чемпионаттың алғашқы ойыны Ұлытау облысы мен Қостанай облысы арасында басталды.

Өткен жылы Ұлытау жаңадан облыс болдық, команда жасақтап үлгерген жоқпыз деген желеумен ел чемпионатына бармай қалған болатын. Ал Қостанай құрамасы сенсация жасап, алғашқы екі команданың бірі болған еді. Құрама сол нәтижесін сақтап қалуға барын салуға бел буған сыңайлы. Алғашқы күнгі көрсеткіш жаман емес.

Ұлытау облысы-Қостанай облысы (0:11)

Ойын қорытындысын жарияламас бұрын, екі команданың құрамымен транысып алсақ.

Ұлытау облысы:

  1. Асанұлы Ерзат
  2. Айдарханов Ернұр
  3. Ақмашов Темірлан
  4. Бодықов Зарлық
  5. Киштаев Балгатай
  6. Сейдулиев Мадияр
  7. Абдигамитов Нургельды
  8. Самат Асқар
  9. Мейрбеков Олжас
  10. Жұмағали Нұргелді
  11. Мұқат Шахнияз

Команда жаттырқытушысы: Шалғынбай Ә.
Команда жетекшісі: Хасенов Ғазиз.

Қостанай облысы:

  1. Асанов Бақдаулет
  2. Омаров Нүркен
  3. Жалелов Малик
  4. Асан Тобылбек
  5. Нурсейт Сырым
  6. Қалтаев Наурызбай
  7. Сұлтанов Оралхан
  8. Қожабеков Нұрбол
  9. Полат Саттархан
  10. Абду Мейрамбек
  11. Қасқырбай Дархан
  12. Жүрсін Абылайхан

Команда жаттырқытушысы: Сейдахметов О.
Команда жетекшісі: Байтасов Рыскелді.

Көкпар спортының ардагері Ғани Ахметбаев бас төрешілік жасаған чемпионатта алғашқы топтың ойыны тым тартысты өткен жоқ. Қостанайдың жігіттері ә дегеннен ойын тізгінін қолға алды. Тіпті, екі таймда да қостанайлық өрендер тақымды босатқан жоқ. Есеп – 11:0. Қостанай облысының пайдасында.

Салым салғандар: Абду Мейрамбек – 3, Асанов Бақдаулет – 1, Омаров Нүркен – 1, Жәлелов Мәлік – 1, Нұрсейт Сырым – 1, Қалтаев Наурызбай – 1, Сұлтанов Оралхан – 1, Полат Саттархан – 1, Қасқырбай Дархан – 1.

ЦСКА-Атырау (3:4)

Мұнан соң алаңға Орталық армия спорт клубының жігіттері мен Атырау облысының құрамасы шықты.

Орталық армия спорт клубы:

  1. Сейділла Мәді
  2. Елепай Наржан
  3. Суюндик Байкен
  4. Нұртай Елдар
  5. Сауқымбек Дарын
  6. Қалмахан Есдәулет
  7. Сайдулла Нұрғиса
  8. Серікбай Айбек
  9. Құдайберген Еркебұлан
  10. Тобажан Жанарыс

Команда жаттырқытушысы: Байділдаев Дербіс
Команда жетекшісі: Нұриддин Атахан.

Атырау облысы:

  1. Ұлықпанов Абылай
  2. Маман Ақжол
  3. Арзаханов Нұрқанат
  4. Шаркабаев Ермухан
  5. Оңатов Бекзат
  6. Тоқанай Айбар
  7. Ұлықпанов Нұрлыхан
  8. Жексенбаев Қайдар
  9. Бақтыбаев Шыңғыс
  10. Жексенбаев Санжар
  11. Мусиев Умирбек
  12. Қанат Марлен

Команда жаттырқытушысы: Бимагамбетов Нұрбол
Команда жетекшісі:

Атыраудың «Нарыны» алғашқы ойында әскерилермен бетпе-бет келгендеріне абдырап қалған сыңайлы. Бұған дейін ел чемпионатында есе жіберіп көрмеген Жайық жігіттері, есепті аса еселей алмады.

Ал кәнігі көкпаршы Дербіс Байділдаев ағамыз жаттықтыратын армия ойыншылары бар өнерін салып бақты. Тіпті алғаш рет қатысып жатқаныдарына қарамастан., Атырау жігіттерінің адымын аштырмады деуге де болады. Десе де, тәжірибенің аты – тәжірибе, Жайық жанпоздары әскерилерді әлсіретіп тынды. Есеп – 4:3. «Нарын» алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Салым салғандар:

Атырау облысы: Ұлықпанов Абылай – 2, Ұлықпанов Нұрлыхан – 1, Жексенбаев Қайдар – 1.
Орталық армия спорт клубы: Нұртай Елдар – 1, Сайдулла Нұрғиса – 1, Тобажан Жанарыс – 1.

Осы орайда, армия жігіттері «Нарынның» 12 ойыншысына қарсы, 10 ойыншымен шыққанын да атап өткен ләзім.

Астана-Алматы облысы (3:6)

Үшінші болып алаңға шыққан Астана қаласы мен Алматы облысы құрамалары да тартысты ойын көрсетті. Екеуі де кәнігі шабандоздар топтасқан, елге танымал құрамалар. Астана командасы ел біріншілігінде бірнеше рет топ жарған жігіттер. Ал Алматы облысы аздап осалдық танытып жүрген. Оның да себебі жоқ емес, соңғы бірнеше жылда облыс екіге бөлініп, құрама да соған сай кейбір ойыншыларын ауыстыруға тура келген болатын.

Астана қаласы:

  1. Қабжанов Арслан
  2. Төтенов Елдар
  3. Тілеубай Әлихан
  4. Шалғынбаев Рамазан
  5. Сағымбеков Мадияр
  6. Кәрібаев Алмаз
  7. Әбішев Ақжол
  8. Молдабек Ерқанат
  9. Тауасар Еркебұлан
  10. Боранов Жалғас
  11. Одесхан Еламан
  12. Ілесбеков Ернұр

Команда жаттырқытушысы:
Команда жетекшісі: Қанапин Ерлан

Алматы облысы:

  1. Жаманқара Самат
  2. Алипбаев Ынтымақ
  3. Сайдолданов Бақытжан
  4. Тоқтарбаев Ержанат
  5. Жиенкулов Эльдар
  6. Сағатбек Елжас
  7. Байтуреев Улан
  8. Бостанбеков Алишер
  9. Қайранов Айдос
  10. Құралбаев Әділет
  11. Әзімбай Бақытжан
  12. Абуов Серик

Команда жаттырқытушысы: Қайранов Айдос
Команда жетекшісі: Касенов С.

Айдос Қайранов жаттықтыратын жігіттер ойынның алғашқы 3-минутында есеп ашып үлгерді. Десе де Ерлан Қанапиннің шәкірттері де бостақым емес екенін танытты. 40 минутқа жалғасқан тартыста есеп 6:3-пен аяқталды. Алматы облысының жігіттері астаналықтардан алымды екенін көрсетті.

Салым салғандар:

Алматы облысы: Жиенкулов Эльдар – 3, Алипбаев Ынтымақ – 2, Қайранов Айдос – 1.
Астана қаласы: Қабжанов Арслан – 1, Шалғынбаев Рамазан – 1, Тауасар Еркебұлан – 1.

Астана құрамасы бүгін Қарағанды жігіттерімен үзеңгі қағыстырады.

Алғашқы күні алаңға шыққан келесі командалар – Қарағанды облысы мен Маңғыстау облысы.

Қарағанды облысы-Маңғыстау облысы (2:6)

Нұржан Шайхиннің жігіттері «Адай атаның» алдында тізе бүкті. Мықтыны мықты деу керек, Маңғыстау құрамасы бұған дейін де доданың көрігін қыздырып, салым салуда талайды сан соқтырған болатын. Биылғы жылы да Каспий жағасынан келген жігіттер кәсібилігін танытты. Есеп – 6:2. Ербол Ермагамбетов жаттықтыратын жігіттер қапы кетпеді.

Қарағанды облысы:

  1. Алибеков Нурбол
  2. Тлеубек Темірлан
  3. Құлымбет Шадияр
  4. Жаңбырбаев Ануар
  5. Абен Қармыс
  6. Дулатбаев Азамат
  7. Қахарманұлы Жанайдар
  8. Сұлтанбай Бидаулет
  9. Сейітжапар Абдуәлі
  10. Сергазиев Мұхтархан
  11. Қонқобаев Мейірлан
  12. Болатұлы Жұмат

Команда жаттырқытушысы: Құтышев Айдар
Команда жетекшісі: Нұржан Шайхин.

Маңғыстау облысы:

  1. Дүсембай Руслан
  2. Қуанышұлы Жасұлан
  3. Мұсаұлы Ескендір
  4. Галинуров Данияр
  5. Сейтбеков Темірлан
  6. Жайжатыров Қанат
  7. Акбаев Жорабек
  8. Нурманов Асанбай
  9. Ибрагимов Ринат
  10. Пупенко Александр
  11. Болатов Айбек
  12. Даирбаев Мереке

Команда жаттырқытушысы: Ермагамбетов Ербол
Команда жетекшісі: Бурбасов К.

Салым салғандар:

Маңғыстау облысы: Нурманов Асанбай – 2, Сейтбеков Темірлан – 1, Ақбаев Жорабек – 1, Ибрагимов Ринат – 1, Болатов Айбек – 1.
Қарағанды облысы: Қахарманұлы Жанайдар – 2.

Түркістан облысы-Ақмола облысы (11:2)

Жаныс Саевтың шәкірттері Ақмола құрамасын ойсырата ұтты. Тіпті Арқаның жігіттері «Тұранға» тұсау бола алмады десек те болады.

Түркістан облысы

  1. Мамыт Әділет
  2. Айтан Дәулет
  3. Қарқабат Абылай
  4. Джамалбеков Арман
  5. Нышанбеков Абылай
  6. Смаил Бекболат
  7. Тилегенов Нурсултан
  8. Мамыт Асылжан
  9. Қуаныш Бақытбек
  10. Сайдулла Әзірет
  11. Әбен Серікжан
  12. Суйундик Аңсар

Команда жаттырқытушысы: Саев Жанысбек, Болысбекұлы Ерлан
Команда жетекшісі: Қонаев Болат

Ақмола облысы:

  1. Өклан Ернар
  2. Кириняченко Александр
  3. Қиқу Бекнұр
  4. Айтжанов Тилеужан
  5. Ноябрь Дауренбек
  6. Сағындық Дидар
  7. Жиеналин Мухтар
  8. Рысмагамбетов Қуаныш
  9. Нурмуканов Ермухан
  10. Есенгелді Елжас
  11. Макулов Рустем
  12. Калибаев Алихан

Команда жаттырқытушысы:
Команда жетекшісі: Төлеубай Ахат

Ойынның алғашқы минутында-ақ есеп ашқан түркістандық жігіттер есепті 11:2-ге жеткізіп бірақ тоқтады.

Салым салғандар:

Түркістан облысы: Нышанбеков Абылай – 4, Сайдулла Әзірет – 4, Жамалбеков Арман – 1, Тілегенов Нұрсұлтан – 1, Мамыт Асылжан – 1.
Ақмола облысы: Қиқу Бекнұр – 1, Нұрмұқанов Ермұхан – 1.

СҚО-Шымкент (2:6)

Шымкент құрамасы Түркістан облыс болып жеке кеткелі бері чемпионатқа аса көп көңіл бөлмей жүрген. Соңғы жылдары ғана қала құрамасы жасақталып, ел біріншілігіне мойын бұра бастады.
Ал солтүстікте облыс құрамасы бар болса да, тым шіркін-ай емес еді. Қалай десек те екі команда бір-біріне сай. Дегенмен, оңтүстіктегі жыл он екі ай тоқтамайтын жаппай көкпардың арқасында, Шым шаһардың шабандоздары айтарлықтай жақсарғаны жасырын емес.

СҚО:

  1. Махатов Абылайхан
  2. Дюсеков Еркебулан
  3. Смагулов Руслан
  4. Бейсенбаев Нурлан
  5. Өркен Елдос
  6. Абсаметов Ақтілек
  7. Любарский Вадим
  8. Бимагамбетов Мейрбек
  9. Шаріп Арлан
  10. Шарипов Талгат
  11. Зайдуллин Алмас
  12. Зейнуллин Бахтияр

Команда жаттырқытушысы: Махатов Рамазан
Команда жетекшісі: Хусаинов Назар

Шымкент қаласы:

  1. Оңғарбаев Асқар
  2. Омаров Нұрмахан
  3. Шанжархан Әлайдар
  4. Садуақас Нұршахар
  5. Таирбеков Саржан
  6. Абдыжаппаров Абуғали
  7. Жарылқап Елдар
  8. Аманжол Нұрдәулет
  9. Ерген Айдос
  10. Ережеп Абай
  11. Оразалы Данияр
  12. Айтбаев Темірхан

Команда жаттырқытушысы: Ендібаев Дәуіржан
Команда жетекшісі: Мыңбаев Данияр

Мыңбаевтың шәкірттері жақсы ойын көрсетті. Бұл құрамда елге «Қошқар палуан» атымен танылған әйгілі Темірхан Айтбаев, Әлайдар Шанжархан, Абай Ережеп қатарлы мықты салымшылар бар. Есеп – 6:2. Шым шаһардың шабандоздары алда.

Салым салғандар:

Шымкент қаласы: Шанжархан Әлайдар – 1, Садуақас Нұршахар – 1, Жарылқап Елдар – 1, Аманжол Нұрдәулет – 1, Ережеп Абай – 1, Айтбаев Темірхан – 1.
СҚО: Өркен Елдос – 1, Зайдуллин Алмас – 1.

Абай облысы-Жетісу облысы (0:6)

Чемпионаттың алғашқы күні алаңға шыққан 8 жұптың ішінде бірде-бір салым салмаған екі команданың бірі – Абай облысының құрамасы. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы болып, 5-6 қатарынан ел чемпионатына қатыспаған шығыс жігіттері осы жолы да тақымды босатып алғанын байқатты. Жетісу жігіттерінен 6:0 болып ұтылды.

Абай облысы:

  1. Кабдрахманов Мейржан
  2. Көпжасар Тауасар
  3. Мукушпаев Аманжол
  4. Төлеухан  Ильяс
  5. Өскембаев Серікжан
  6. Дикамбаев Ерасыл
  7. Кенжалов Данияр
  8. Тұрсынқали Жандос
  9. Уканов Ильяс
  10. Дикамбаев Қурмангазы
  11. Сапанов Мадияр
  12. Төлеуғали Дәурен

Команда жаттырқытушысы: Кулсейтов Е.
Команда жетекшісі: Қабылқақов Д.

Жетісу облысы:

  1. Смағұл Нұрсұлтан
  2. Жаксылыков Руслан
  3. Сабырбаев Руслан
  4. Төлегенов Нуркен
  5. Амантаев Айдос
  6. Жапаров Айбек
  7. Бейсен Қуаныш
  8. Үсен Ғалым
  9. Турганбай Диас
  10. Каденов Қуаныш
  11. Сылатай Нұржан
  12. Амантай Мұхамеджан

Команда жаттырқытушысы: Когай Н.
Команда жетекшісі: Меделов Нұрлан.

Салым салғандар: Каденов Қуаныш – 3, Смағұл Нұрсұлтан – 1, Бейсен Қуаныш – 1, Сылатай Нұржан – 1.

Жамбыл облысы – Қызылорда облысы (5:2)

Бұған дейін 12 рет ел чемпионы атанған «Әулие ата» құрамасы мен биылғы чемпионат өтіп жатқан алаң иелері үзеңгі қағыстырды. Ойынның алғашқы минутында есеп ашып үлгерген Жамбыл жүйріктері салым санын еселеп кете алмады. Оған өз алаңында өзгеге есе жібермеуге барын салған Сыр жігіттерінің жанкештілігі де себеп болған сыңайлы. Десе де Нұрдәулет Момыновтың жігіттері дес бермеді. Есеп – 5:2. Сырбойылық жігіттер сыр берді.

Жамбыл облысы:

  1. Құрманбай Есжан
  2. Асыл Елдос
  3. Рәт Бекзат
  4. Мәлімбай Ернат
  5. Бердіқұл Айнабек
  6. Тогайбаев Кулажан
  7. Шәкір Бекзат
  8. Жарылқасын Ернар
  9. Рәт Ислам
  10. Әзімбаев Ерсұлтан
  11. Жақсылық Ерғалым
  12. Тұрғанбек Құрманбек

Команда жаттырқытушысы: Таирбеков Жұлдызхан
Команда жетекшісі: Момынов Нұрдәулет.

Қызылорда облысы

  1. Әмзеев Наурызқожа
  2. Жүнісов Алмат
  3. Оспанов Олжас
  4. Ташжан Ақжан
  5. Лесбек Нұргелді
  6. Қалмұханбетұлы Абылайхан
  7. Ағайдар Дәулет
  8. Мырзашев Серик
  9. Садуақас Данияр
  10. Медетбек Балғынбек
  11. Ерехан Нұржан
  12. Асқаров Нұрлыбек

Команда жаттырқытушысы: Абылбеков Қанат
Команда жетекшісі: Боранбаев Сламхан.

Салым салғандар:

Жамбыл облысы: Жақсылық Ерғалым – 2, Рәт Ислам – 2, Бердіқұл Айнабек – 1.
Қызылорда облысы: Жүнісов Алмат – 1, Садуақас Данияр – 1.

Биылғы чемпионатқа ШҚО, БҚО, Ақтөбе және Павлодар облыстары қатысқан жоқ. Бұған дейін Қызылордада көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионаты басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Argymaq.kz

3 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.