Халықаралық «Ұлы дала жорығы»: Екінші күннің қорытындысы (ФОТО)

2279

4 қыркүйек Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды.

Таңғы 7:00-де 17 команда Ақмола облысының Лесное ауылы маңынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Атбасар елді мекенінің жанында аяқтады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 200 шақырымын бағындырды. Үшінші кезең Атбасар маңынан басталып, Жалтыр ауылының маңына барып тоқтайды.

Екінші кезең қорытындысы бойынша, «Көкмойнақ» командасы жеңімпаз атанды. РФ Қабирдин-Балқар командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті қазақстандық Алматы қаласының командасы түйіндеді.

200 км қорытындысы:

  1. Қырғыз Республикасы 10:32:07
  2. Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы 10:44:29
  3. Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы 10:46:02
  4. Қазақстан Республикасы. Жамбыл облысы 10:57:49
  5. Қазақстан Республикасы. Қостанай облысы 11:04:41
  6. Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы 11:07:55
  7. Қазақстан Республикасы. Жетісу облысы 11:15:24
  8. Ресей Федерациясы. Қарашай-Шеркеш Республикасы 11:19:36
  9. Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы 11:31:21
  10. Қазақстан Республикасы. Ақтөбе облысы 11:40:23
  11. Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы 12:00:15
  12. Мажарстан 12:54:15
  13. Қазақстан Республикасы. Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы 15:10:29
  14. Оңтүстік Африка Республикасы 16:34:40
  15. Ресей Федерациясы. Татарстан Республикасы 17:33:13
  16. Иран Ислам Республикасы 17:21:48
  17. Түркия Республикасы жарыстан шығып қалды

Бізге жеткен ақпараттар бойынша, жарыстың екінші күні барлығы 7 ат жарыс жолынан шығып қалған.

Жорық барысында жүрген мал дәрігерлерінің айтуына қарағанда, аттар ешқандай жарақат алмаған, тек жүрек соғысын қалыпқа келтіре алмай, болдырып қалған.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.