Халықаралық «Ұлы дала жорығы». Үшінші күннің қорытындысы

602

Марафон-бәйгенің үшінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 16 команда Ақмола облысының Атбасар елді мекені маңынан басталған жорық, Ақмола облысы аумағындағы Жалтыр ауылында аяқтады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 300 шақырымын бағындырды. Бүгін үшінші кезең басталады. Жалтыр ауылы маңынан басталатын жорық Тоғанас ауылының маңына барып тоқтайды.

Үшінші кезең (100 шақырым) қорытындысы бойынша, Қырғызстан командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді.

300 км қорытындысы: 

1. Қырғыз Республикасы 15:53:25

2. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 16:19:14

3. Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы 16:27:29

4. Ресей Федерациясы, Қабардин-Балқар Республикасы 16:51:47

5. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы 16:58:47

6. Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы 17:03:45

7. Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы 17:11:37

8. Ресей Федерациясы, Қарашай-Шеркеш Республикасы 17:38:33

9. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы 17:40:07

10. Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы 18:14:35

11. Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы 18:32:32

12. Мажарстан 20:10:00

13. Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы, 22:49:40

14. Оңтүстік Африка Республикасы, 25:28:34

15. Иран Ислам Республикасы 27:49:28

16. Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы жарыстан шығып қалды

17. Түркия Республикасы жарыстан шығып қалды

Марафон жұмысына 2 халықаралық және 5 қазақстандық судья, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.