Конкурдан ел кубогы өтті

Астанада 20-22 маусым аралығында өткен еліміздің ат спорты күнтізбесіндегі маңызды жарыстардың бірі – конкурдан Қазақстан Республикасының кубогы аяқталды.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының 30-дан астам спортшысы қатысып 120-дан 145 см-ге дейінгі алты бағытта өз шеберліктерін көрсетті.
Үш күндік жарыстың абсолютті жеңімпаздары:
B тобы:
1-орын – Бекжан Байжанұлы – (аты Кинг Диаманд);
2-орын – Нұрила Тұрысбекова – (аты Цендер де Реве);
3-орын – Жасұлан Байтаев – (аты Кэшмэйкер) және Малика Серік – (аты Микадо).
А тобы:
1-орын – Нұрила Тұрысбекова – (аты Кю Бель);
2-орын – Ислам Исламов – (аты Скарто II);
Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл кезең – спортшылардың шеберлік деңгейін арттырып, мықтыларды анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, ұлттық құрамаға іріктеу кезеңдерінің маңызды бөлігі.
ҚР Кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Argymaq.kz