Түркістанда халықаралық деңгейдегі ипподром ашылады

1456

Тарихы терең, рухы асқақ Түркістан енді ұлттық спорттың халықаралық орталығына айналады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қадағалауымен спорттық инфрақұрылымды жақсарту және өңірде спорттық туризмді дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Солардың бірі – Түркістанда бой көтерген заманауи атшабар көпфункциялы спорт нысаны. Аталған спорт кешенінің ашылуы аясында Наурыз мерекесіне орай ұлттық және халықаралық деңгейдегі 10 спорт түрінен ірі жарыстар өтеді.

Көкпардан әлем чемпионаты 16-21 наурыз аралығында өтеді. Дүниежүзілік «Көкпар» федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 10 команда, 200 спортшы қатысады.

16-20 наурыз – топтық ойындар, ал 21 наурыз финалдық ойындар жоспарланған. Бұл дода Түркістанды әлемдік көкпар картасына шығарады.

Аударыспақтан «Қазақстан қабыланы» республикалық турнирі 19-21 наурызда өтеді. ТО «Аударыспақ» федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 13 команда қатысады, финалдық белдесулер 21 наурызда өтеді.

Дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты 18-21 наурыз аралығында өткізіледі. Sadaq atu республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 12 команда қатысады. Азияның үздік мергендері тарихи шаһарда бас қосып, көшпенділер дәстүрін паш етеді.

Теңге ілуден Азия Кубогі 21-23 наурызда өтеді. ҚР «Теңге ілу» федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 15 команда қатысады. Қатысуы мүмкін елдер: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Таиланд, Үндістан, Моңғолия, Малайзия, Түркия, Ресей, Пәкістан, Иордания, Қытай.

Жамбы атудан республикалық турнир 19-21 наурыз аралығында өткізіледі. Облыстық жамбы ату федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 10 команда қатысады. Жамбы ату стильдері – Азия стилі (халықаралық стандарт), Түркі стилі (жауынгерлік дәстүр), Қазақ стилі (ат үстінде жамбыны атып түсіру).

Аламан бәйге 21 наурызда өтеді. Облыстық бәйге федерациясының ұйымдастыруымен өтетін бұл жарыстың жүлде қоры – 15 млн теңге. Еліміздегі ең жүйрік тұлпарлар қатысады.

Бұл дүбірлі сындарға елімізбен қатар шетелден де саяхатшылар мен спорт жанкүйерлері келеді деп күтіліп отыр. Наурыз мерекесін рухты оятатын додалармен қарсы алатын Түркістан ұлттық спорт түрлерінің орталығына айналады.

Жаңадан ашылатын ипподромның жалпы ауданы 99 гектар. Жоба аясында ұзындығы 4 шақырымға жуық бәйге жолы, 1500 орындық ашық трибуна, 120 орындық жабық манеж, 100 жылқыға арналған атқоралар мен жаттығу алаңдары қарастырылған. Кешен ат спортын дамытуға әрі көрермендерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Argymaq.kz

ФОТО: Мақсат Шағырбай

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
holiganbetjojobetgrandpashabetcasibomcasibomcasibomcasibomjojobetholiganbetholiganbetmarsbahismarsbahisPusulabetjojobetescort damesjojobetjojobet girişhuhubetMarsbahis GirişsekabetjojobetCasibomcasibom girişbetgarantijojobetjojobetjojobet girişsekabetmarsbahismarsbahis girişjojobet girişjojobet girişJojobetMarsbahis