Қос кітаптың тұсаукесері
20 желтоқсан күні 10:00-де Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Алтын тұғыр» дәстүрлі Ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімінің Баспасөз конференциясы барысында (Rixos President Astana Hotel қонақүйі) ұлттық құндылықтарымызға қос арнадай құйылған екі бірдей кітаптың таныстырылымы мен тұсаукесері өтеді.
Қазақтың танымал ғалымы Әлкей Марғұланнның «Саят құстары» атты кітабы бұған дейін еш жерде жарық көрген емес. Тұрсын Жұртбай ағамыз рецензиясын жазып, ел игілігі үшін ұсынған бұл еңбектің босағадан бүркіті арымаған алаш баласы үшін таптырмас құрал екені даусыз.
Келесі кітап «Қазақтың атбегілік өнері» деп аталады. Бұған дейін көпшілік оқырманға түрлі тақырыптағы журналистік зерттеулерімен, этнографиялық әңгімелерімен танымал болған Бекен Қайратұлының бұл еңбегі ұлтымыздың қанына сіңген атбегілік өнердің қыры мен сырына қанықтырады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының тапсырысымен жарыққа шыққан бұл кітаптардың халқымыздың дәстүрлі қос өнеріне қосар үлесі ұшан-теңіз болмақ. Еліміздің дәстүрлі саятшылығы мен жүйрік баптап, ат жарату салтына қосылған ерен еңбек әрбір қазақ шаңырағынан орын тауып жатса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Не бары 2000 данамен жарыққа шыққан қос кітапқа қызыққан оқырман ертең Rixos President Astana Hotel қонақүйінің мәжіліс залына асығыңыздар!
Арғымақ.кз
(Суреттер Азамат Битанның фейізбук парақшасынан)
Қазақтың атбегілік өнер кітабің қалай алуға болады
Қазақтың атбегілік өнері атты кітабін қалай алуға болады
Бұл кітап таусылып қалды. Әзірге қайта баспадан шығатын, шықпайтыны белгісіз
Пдф форматын қайдан жүктеуге болады?