Астанада ковбой-көкпаршылар жүр

2781

«Қазанат» атшабарында Қазақстандағы АҚШ елшілігі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен көкпардан І Әлем чемпионатына қатысатын америкалық ковбой-көкпаршылар қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесті.

Баспасөз конференциясында Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасары Джон Марк Поммершайм журналистерге көкпардан өтетін Әлем чемпионатына америкалық команданың да қатысуы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың арта түсуіне ықпал ететінін айта келіп жарысқа қатысушылардың бәріне «ақ жол» тіледі. Ұлттық спорттың осындай әлемдік бәсекесін ұйымдастырып, оған америкалық ойыншыларды арнайы шақырғанына  ризалық білдірді.

amerika2Сонымен бірге, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов сөз сөйлеп, әлемдік көкпар чемпионаты туралы айтып өтті.

БАҚ өкілдерін қызықтырған көп сауалға  АҚШ көкпар құрама командасының капитаны Крид Гарник жауап берді. Өз отанында режиссер-продюссер ретінде де есімі танымал Крид Гарник  америкалықтардың көкпар ойынын жаңа ғана меңгере бастағанын айтып, бұл чемпионатқа қатысып, жақсы ойын көрсете алса, соның өзін үлкен мәртебе санайтынын жасырмай айтты.

Америка командасы арасында Қырғызстандағы көшпелілер ойындарына қатысқан бірер ойыншылар болғанымен олардың көбі көкпар додасының әліппесін енді-енді бастапты. Қазір америкалық команданы Ақмола өңіріне аты әйгілі ардагер көкпаршы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерғали Тоқабаев Астана іргесіндегі Қараөткел ауылында жаттықтырып жатыр.

amerikaКездесу соңында америкалық ковбойлар алаңда ат ойнатып, өздерінің ат үстіндегі өнерлерін көрсетті. Шалма тастаудың шеберлігін аңдатып, бишік шартылдатудың алуан тәсілін тамашалады.

Еске сала кетейік, 21-27 тамыз аралығында «Қазанат» атшабарында Көкпардан Әлем чемпионаты өтеді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!