Жылқы тұқымдары

46845

100_4746Қазақ жылқысы. Ауа райының қандай жағдайына болса да төзімді, жем-шөп талғамайды, үнемі далада, тебінде, жайылымда өсіп-жетілген. Бұл түліктің басы үлкен, сағалдырығы кең, көздері кішілеу, мойны жуандау, тұрқы орташа, шоқтығы биік емес, көкірегі кең, қабырғалары ұзын және тік келеді, аяғының сіңірлері шығыңқы, көрініп тұрады. Алдыңғы аяқтары түзу, ал артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары мықты, терісі қалың, жал-құйрығы қою, түсі әр түрлі болады.

08Жабы. Мұның денесі ірі, шомбал, тұрқы ұзын, аяқтары қысқа, өте тез қозғалғыш, оңалғыш, қысқа төзімді, жұмысқа төзімді, күшті, салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы.

 

 

 

434_f91fb57c528cd28266bc492f81312692Адай жылқысы. Қазақ жылқыларының бір түрі. Салт мініске қолайлы, басы жеңілдеу, шоқтығы шығыңқы, сауыры етсіздеу, итарқалау, аяқтары жіңішке, сіңірлі келеді. Ауа райына төзімді, әрі жүйрік.

 

 

 

 

1318159963_kushum-2Көшім жылқысы. Басы үлкен болғанымен дөрекі емес, мойнының ұзындығы орташа, шоқтығы биік, әдемі, кеудесі кең, төсі алшақ, қабырғалары шеңберлі, арқасы тегіс те жазық, белі толық, кейде қайқы бел болып келеді. Жұмысқа төзімді. Биелері құлындағыш және сүтті.

 

366296Қостанай жылқысы. Бұл жылқы Қостанай облысының «Қостанай» мен «Майкел» жылқы заводтарында және облыстың колхоздарында, сонымен қатар, Челябі облысындағы «Троицк» жылқы заводында, жергілікті қазақ жылқылары таза қанды, салт мінетін дон жылқыларымен будандастырылған. 1951 жылы Қостанай тұқымы болып бекітілді. Бұл жергілікті жердің ауа райы мен азықтандыру жағдайына жақсы бейімделген. Қостанай жылқысының басы орташа, мойны түзу, ұзындығы орташа, шоқтығы етті, алқымы кең, арқасы жалпақ, жауырыны мен қабырғалары ұзын, аяқтарының сіңірлері шығыңқы, шашасы шағын, топайлары орташа, тұяқтары дөңгелек, әсем келеді. Өте жүрдек, күшті және төзімді, салт мінуге де, жегуге де қолайлы.

 

buden-3_e72527Буденный жылқысы. Бұл еліміздегі өсіріліп шығарылған жаңа жылқы тұқымдарының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі. Аталмыш тұқымды шығаруға Совет Одағының Маршалы С.М.Буденный басқарған бір топ мамандар мен тәжірибелі адамдар қатынасты. Буденный тұқымын таза қанды, салт мінетін жылқының айғыры мен дон тұқымының биелерін шағылыстырып шығарған. Денесі ірі келеді, басы ұзын, қағілез, мойны ұзын, етті, шоқтығы биік, арқасы түзу, жазық, кеудесі кең, қабырғасы дөңгелек, белі мықты.

 

 

1330004364_don3Дон жылқысы. Мұның шыққан жері — Дон өзенінің маңайы. Жергілікті жердің ауа райына өте төзімді келеді. Дон тұқымының басы ашаң, сәл ұзындау, маңдайы томпақ, шортан басты келеді, көздері үлкен, шығыңқы, томпақ, танаулары делдиген, жұқа құлақтары сереңдеген, мойнының ұзындығы орташа, түзу, кейде ұзын, ашаң немесе етті, толық болады, көкірегі кең, қабырғалары ұзын, арқасы тегіс, сауыры ұзын және тік, жауырыны қысқа, тік біткен алдыңғы аяқтары түзу, аралары кең, артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары берік, дөңгелек, үлкен болып келеді. Дон жылқысы салт мінуге қолайлы.

 

feabfb99e1b5Ахалтеке. Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған және ең ескі тұқым болып саналады. Ол осы күнгі түркімен жылқысының ұрпағы. Ахалтеке жылқысы Түркімен республикасындағы жылқылардың негізгі түрі. Бізде сол тұқым Жамбыл облысындағы «Луговой» жылқы заводында, республикамыздың кейбір колхоз-совхоздарында өсіріледі. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді. Басы ашаң, мойны ұзын, тік (кейде бұғы мойындысы да кездеседі), шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы, жіліншіктері жіңішке, топайлары дөңгелек, тұяқтары берік. Артқы аяқтары қайқылау, терісі жұқа, жалы жібектей жұмсақ болады. Басқа жылқыдай емес жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған. Ал жазғы шөл, шөлейт жерлерге мініске өте төзімді, жүйрік болады.

 

f_13157205Таза қанды, салт мінетін жылқы. Бұл өте жүйрік, әсіресе жақынға шапқанда ұшқыр келеді. Қазір біздің елде оны өсіру үшін көптеген жылқы заводтары ұйымдастырылды. Таза қанды, салт мінетін жылқыны үнемі ипподромға сынайды. Бұлардың айғырлары жергілікті жылқы тұқымын жақсарту үшін қолданылады. Ол өте сымбатты, тұлғасы зор, әсем денелі, көркем тұлғалы жылқы. Күтімді жақсы керек етеді, жем-шөпті өте талғап жейді.

 

 

images.jpeg444Желісті жылқылар. Осыдан 150 жыл бұрын Воронеж облысының «Хренов» жылқы заводында араб, дат, голланд тұқымдарын өзара будандастыру арқылы шығарылған. Орлов жылқысының басы үлкен, мойны ұзын, көбінесе қаз мойынды әдемі болады, шоқтығы биік, арқасы тегіс және жалпақ, сауыры тұтас, аяқ сүйектері жуан келеді. Денесі ірі болады, мұның жергілікті жылқының бойын өсіруде зор маңызы бар.

medium_28591bОрыстың желісті жылқысы. Бұл орлов биелері мен американ желісті айғырларын шағылыстырудан алынған будан, желгір жылқылардың тұқымын жақсарту үшін өсіріліп шығарылды. Мұндағы негізгі мақсат жылқының тұлғасын ірілендіріп, сымбатты, сом денелі желісті жылқы шығару еді. Орыстың желісті жылқысы орлов жылқысына қарағанда кішірек, денесі де қысқа, мойны біркелкі, шоқтығы көтеріңкі, аяқтары ұзын, тұлғасы тығыз, бұлшық еттері шығыңқы келеді.
Советтік тұқым. Бұл ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы. Денесі ірі, мойны етті, шоқтығы өте биік емес, арқасы мен кеудесі кең, қабырғасы жұмыр, аяқтары жуан келеді.

 

 

tiazel1Орыстың ауыр жүк тартатын тұқымы. Ертеден бері келе жатқан жылқы тұқымы. Бойы аса биік емес, орташа келген, маңдайы кең, мойны жуан, шоқтығы биік емес, арқасы ұзын, белі қайқылау, қабырғасы тік.
Жоғарыдағы айтылған жылқы тұқымдары Қазақстанның көптеген облыстары мен аудандарында өсіріледі.

 

 

koshpendi.kz

Суреттер ғаламтордан алынды

 

5 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.