Жылқыға қатысты көнерген сөздер (соңы)

7316

Бұған дейін жылқыға қатысты қолда бар көнерген сөздерді назарларыңызға ұсынып келгенімді білесіздер. Төмендегі тіркестер сол дүниенің соңы. Әрине, осымен ғана шектеліп, менің тапқандарыммен қазақтың сөзі таусылып қалмайтыны анық және қазақ сөзінің соңына мен жетемін деген мәселе емес. Әлі де зерттелмеген, зерделенбеген талай атаудың бар екені ақиқат. Тақырыптағы «соңы» дегенді оқып, жылқыға қатысты көне сөздердің ақыры осы екен деп ойламаңыздар.

argymaq.kz

Ығыршық – бәйге аттың үстіндегі жабудың түсіп қалмауы үшін арқасына салып, белінен тартып қоятын ыңыршақ сияқты ершік.
«Арғымаққа тартқан ығыршық, арқасына бекімес, үзісе айыл тоғасы.» (Абыл ақын)

Ырғай – жыңғыл, тобылғы тәрізді топтасып өсетін түзу, берік ағаш. (бұта) Ырғай сапты қамшы.
«Қолында ырғай сапты үш тарам қамшысын көтере, ауаны оңды-солды осқылап алды.» (М.Мағауин)

Ықыстау – мініп келе жатқан аттың болымсыз нәрседен үркіп, селтектеуі.

Ынжы – қайыс арқан өруге пайдаланатын ағаш ойғы.

Ысқауырын – 1.Қайыс өрменің (көбіне қамшының) қырын шығару үшін керектенетін құрал.

Іңірттеу –отарда қос маңына байырқалатқан жылқыны іңір қараңғылығында сырттай шолу. Жылқы іңірттеу.

Ішпек – тоқымның ішкі жағынан төселетін жұмсақ ішкілік.

Жады – жауыр болған жылқының арқасына таңатын ішпек секілді жұмсақ төсеніш.

Жабу жауыннан сақтайды,
Жады жауырдан сақтайды. (Мақал)

B.TokhanulyБодаухан Тоқанұлы, журналист.
«Қазақ тіліндегі көне және сирек қолданыстағы сөздердің түсіндірме сөздігі» кітабынан

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.