Шортанды ауылында ат спорты ойындары өтті

6299

Ақмола облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Шортанды ауданының күніне орай ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыс өтті.

Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастырудың, халықты   патриоттыққа тәрбиелеудің және шабандоздардың шеберліктерін арттырудың маңызды құралы ретінде ұлттық ат спорты түрлерін кеңінен насихаттау болып табылады.

Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасованың айтуынша, Шортанды ипподромында ат спорты мерекесін ұйымдастыру дәстүрге айналған, ал оған қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл жолы өз өнерлерін көрсетуге Астана қаласының, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының 60-қа жуық шабандозы ниет білдірді.

Шортандылықтар мен ауыл қонақтары көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге алу сынды ұлттық ойын түрлерін, 7 шақырымға жіберілген бәйгені, тоқ бәйге және аламан бәйгелерін тамашалады. Ат құлағында ойнайтын қыз-жігіттеріміз сәйгүліктерінің үстінде күрделі жаттығуларды орындаса, Астана қаласы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас шабандоздары әртүрлі биіктіктегі кедергілерді еңсеру шеберліктерін көрсетті.

Іс-шара жеңімпаздары мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚазАқпарат

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
casibom girişelektronik sigarajojobet girişjojobet girişjojobet girişjojobet girişjojobet girişjojobetjojobetbycasinobullbahisjojobetMarsbahisjojobetjojobet girişjojobetcasibom girişdeneme bonusu veren sitelerRadissonbetbycasinotambet girişjojobetHoliganbetMadridbetjojobet girişjojobetjojobetjojobetjojobet girişjojobet girişjojobetjojobetmatadorbet girişholiganbet girişholiganbet girişjojobetjojobetjojobet girişjojobet girişjojobetcasibomjojobetjojobetjojobetjojobetjojobet