Көкпардан Әлем чемпионатының кестесі. Ертең демалыс

21 тамыз күні сағат 17.00-де Астана қаласының «Қазанат» атшабарында Көкпардан бірінші Әлем Чемпионаты басталды. Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы». Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Жарысқа әлемнің 12 мемлекетінен 200-ге жуық спортшы қатысады. Жеребе нәтижесінде «А» тобына Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Моңғолия және Тәжікстан кірді. «В» тобында Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Венгрия, Қытай мен Ауғанстан өнер көрсетеді.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 18 млн теңгені құрайды. I орын – 10 млн тг, II орын – 5 млн тг, III орын – 3 млн тг.
Ережеге сәйкес, шабандоздар серкенің резеңке нақпішінін қолға түсіріп, қарсылас команданың шартты қақпасына дәл лақтырып түсірулері қажет.
КӨКПАРДАН І ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ОЙЫН КЕСТЕСІ
21 тамыз
9:00 – 10:00 Қырғызстан Республикасы – Монғол Халық Республикасы
10:00 – 11:00 Қазақстан Республикасы – Ауғанстан Республикасы
11:00 – 12:00 Өзбекстан Республикасы – Тәжікстан Республикасы
14:00 – 15:00 Әзербайжан Республикасы – Қытай Халық Республикасы
15:00 – 16:00 Түркия Республикасы – Америка Құрама Штаты
16:00 – 17:00 Ресей Федерациясы -Венгрия Республикасы
Сағат 17:00-18:00 аралығы көкпардан І Әлем чемпионатының ашылу салтанаты
22 тамыз
9:00 – 10:00 Монғол Халық Республикасы – Америка Құрама Штаты
10:00 – 11:00 Ауғанстан Республикасы – Венгрия Республикасы
11:00 – 12:00 Тәжікстан Республикасы – Түркия Республикасы
14:00 – 15:00 Қытай Халық Республикасы – Ресей Федерациясы
15:00 – 16:00 Қырғызстан Республикасы – Өзбекстан Республикасы
16:00 – 17:00 Қазақстан Республикасы – Әзербайжан Республикасы
23 тамыз
9:00 – 10:00 Өзбекстан Республикасы – Монғол Халық Республикасы
10:00 – 11:00 Әзербайжан Республикасы – Ауғанстан Республикасы
11:00 – 12:00 Түркия Республикасы – Қырғызстан Республикасы
14:00 – 15:00 Қазақстан Республикасы – Ресей Федерациясы
15:00 – 16:00 Америка Құрама Штаты – Тәжікстан Республикасы
16:00 – 17:00 Венгрия Республикасы – Қытай Халық Республикасы
24 тамыз
9:00 – 10:00 Түркия Республикасы – Монғол Халық Республикасы
10:00 – 11:00 Ресей Федерациясы – Ауғанстан Республикасы
11:00 – 12:00 Америка Құрама Штаты – Өзбекстан Республикасы
14:00 – 15:00 Венгрия Республикасы – Әзербайжан Республикасы
15:00 – 16:00 Тәжікстан Республикасы – Қырғызстан Республикасы
16:00 – 17:00 Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасы
25 тамыз
9:00 – 10:00 Монғол Халық Республикасы – Тәжікстан Республикасы
10:00 – 11:00 Ауғанстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы
11:00 – 12:00 Өзбекстан Республикасы – Түркия Республикасы
14:00 – 15:00 Әзербайжан Республикасы – Ресей Федерациясы
15:00 – 16:00 Америка Құрама Штаты – Қырғызстан Республикасы
16:00 – 17:00 Венгрия Республикасы – Қазақстан Республикасы
26 тамыз демалыс
27 тамыз – финал
Сағат 10:00-11:00 уақыт аралығы 3-ші орын үшін кездесу
Сағат 11:00-12:00 уақыт аралығы 1-ші орын үшін кездесу
Сағат 12:00-де жабылу салатанаты