АҚШ пен Өзбекстан құрамаларының жекпе-жегі (ФОТО)

4252

22 тамыз күні Астанада байрағын көтерген Көкпардан әлем чемпионатында Қазақстан мен Қырғызстан құрама командаларына тең келетін додапаздар көрінбейді. Әлемнің АҚШ, Ресей, Қазақстан қатарлы 11 мемлекетінен келіп қазақ даласын дүбірге толтырып жатқан құрыш білек, тас тақым жігіттердің өнері елді сүйсінтуде.

Бір аптаға созылған дүбірлі додада аттың белі, азаматтың білегі сынға түсіп жатыр. Кеше өткен Америка мен Өзбекстан арасындағы тартысты бәсекега танымал фотограф Бауыржан Жуасбаев куә болып қайтқан еді.

Жекпе-жек Өзбекстан құрамасының айқын басымдығымен аяқталды.

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясыда елімізде алғаш рет өткен әлемдік доданы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған.

bauyrzhanФото: Бауыржан Жуасбаев, argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.