Райхан шабандоз туралы кім не біледі?

5973

Райхан Әбілахатова есімді шабандоз қазақ қызын білетін жерлестеріне сұрау саламыз. КСРО чемпионатында, дүниежүзілік фестивальда ат бәйгесінен рекорд жаңартқан, ат спорты бойынша қазақ қыздары арасынан тұңғыш КСРО чемпионы атанған Райхан Әбілахатованы кім біледі? Қандай да бір мәлімет білетіндер болса хабарласуларыңызды өтінеміз.

 ӘБІЛАХАТОВА Райхан – (1938 жылы туған, Алматы облысы, Жамбыл ауданы) – КСРО чемпионаттарында қазақ қыздары арасынан тұңғыш шыққан шабандоз қыз. Ат спортынан КСРО чемпионы (1958). Әлемдік жастар мен студенттер фестивалінде ұйымдастырылған ат бәйгесінің жеңімпазы (1959).

КСРО кезінде 1600 және 2000 метрлік қашықтықтарда қыз жарыс дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрған. «Қыз жарыс» дегеніңіз, шабандоз қыздардың жүйрік атпен жарысу бәсекесі. 1958 жылы Мәскеуде тұңғыш рет қыз жарыстан КСРО біріншілігі өткізіледі. Осы жарыста Алматы облысынан барған Райхан Әбілахатова «Бирюза» атты жүйрікпен 2000 метр қашықтықтағы бәйгеде чемпион атанып, бүкілодақтық рекорд жасаған.

d184d0bed182d0be151-1024x705Суретте: шабандоз Райхан Әбілахатова мен КСРО маршалы С.Буденный (Алматы, 1958 ж.)

1959 жылы қыз жарыс КСРО ұсынысымен Хельсиники қаласында өткен Дүниежүзі студенттері мен жастары арасындағы фестивальдің бағдарламасына енеді. Райхан Әбілахатова осы фестивальдың да жеңімпазы атанған. Райхан Әбілахатова Дүниежүзі студенттері мен жастары арасындағы фестивальдің жарысында Луговой жылқы зауытының бәйге атымен 1800 м қашықтықты 2.03.3 минутта өтіп, екінші мәрте рекорд жаңартқан екен.

Төлеген ЖӘКІТАЙ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.