Ел чемпионаты. «Құлагер» «Әліматадан» басым түсті

3475

Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының көкпар ойыны бойынша топтық кездесудің алғашқы ойыны өтті.

Ақтөбе облысының «Әлімата» командасының құрамы:

1-номерде: Нұрлан Додай, мінген аты — Аргон

2-номерде: Қанат Тұрсынбаев – Мақпалқара

3-номерде: Сұлтанбек Байсейтов – Алтынторы

4-номерде: Қанат Мырзабек – Ақжал

5-номерде: Алтай Сүйеубаев – Найзағай

6-номерде: Бердіғали Жәкішев – Торы-чим

7-номерде: Борис Карашинов – Тоғыздық

8-номерде: Нұрберген Кенжеболатов – Жамбылторы

9-номерде: Сағадат Кулекенов – Шымкүрең

10-номерде: Қайрат Рамазан – Ботакөз

11-номерде: Нұрлан Бейсембаев – Тайбурыл

12-номерде: Елдос Өркен — Дәуқара

Түркістан облысы «Құлагер» командасының құрамы:

1-номерде: Бақтыбай Шырынқұлов, мінген аты – Лашын

2-номерде: Дәулет Айтан — Миллион қара

3-номерде: Әділет Мамыт – Ақмолақара

4-номерде: Нүркен Омаров – Ақ жамбас

5-номерде: Абылайхан Нышанбаев – Комиссар

6-номерде: Нұржігіт Мырзабеков – Қаршыға

7-номерде: Асланбек Сайдулла – Сұркөжек

8-номерде: Темірхан Айтбаев – Найза

9-номерде: Әбуғали Әбдіжаппаров – Намыскөк

10-номерде: Мейрбек Болысбек – Ақжал

11-номерде: Жорабек Ақбаев – Ақбақай

12-номерде: Бәйдібек Сабыров – Самал

 Ақтөбе облысынан келген «Әлімата» командасы мен Түркістанның «Құлагер» құрамасы арасында өткен тартысты бәсекеде «Құлагер» басым түсті.

Екі бөлімнен тұратын тартысты ойында есеп ашқан өңірінің додапаздары есепті 7:1-ге жеткізді.

Ойынның екінші кезеңінде «Құлагер» бұл чемпионатқа барлық дайындықпен келгенін анық байқатты. Есеп – 16:2

Естеріңізге сала кетейік, бұл жолғы чемпионатта мықты ойын көрсетіп, ерекше мықтылығымен көзге түскен көкпаршылардан биыл қарашада Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көкпардан өтетін ІІ Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасын жасақтайтын болады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.